https://sputnik.kz/20241217/turkistan-oblysynda-ush-meditsinalyq-nysan-paydalanuga-berildi-49326502.html
Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді
Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 17.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-17T08:00+0500
2024-12-17T08:00+0500
2024-12-17T08:00+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718729_137:121:1144:688_1920x0_80_0_0_93d43e9a3d00b9e97e28012a6938154a.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Облыста 2024 жылы "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды. 5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Биыл Түркістан облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған.
https://sputnik.kz/20241211/turkistan-oblysynda-7-mynga-zhuyq-otbasy-gazsyz-qaldy-49195031.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718729_180:73:1043:720_1920x0_80_0_0_8e2741401dc97804b63ff7ae60bf454c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Облыста 2024 жылы "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды.
"Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Биыл Түркістан облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған.