Мәскеуде Ресей қорғаныс министрлігінің өкілдері қайтыс болды

© Sputnik / Алексей КуденкоНачальник войск радиационной, химической и биологической защиты ВС РФ генерал-майор Игорь Кириллов
Начальник войск радиационной, химической и биологической защиты ВС РФ генерал-майор Игорь Кириллов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде 17 желтоқсан күні таңертең Ресей қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Таңертең сағат 6-да олар Рязан даңғылындағы үйден шығып бара жатқанда, жарылғыш зат іске қосылды. Алдын ала нұсқалардың біріне сәйкес, жарылғыш затты үй кіреберісінің жанында тұрған самокатқа орнатқан. Екінші нұсқа бойынша кіреберістің жанында тұрған қызметтік көлікте орналасқан. Алдын ала болжам бойынша, бомбаның қуаты 100-ден 300 грамм тротилге дейін болған.
Жарылыс салдарынан көрші үйдің терезелері зақымданған, оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Кирилловтың өліміне қатысты түсініктеме берді.
"Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кириллов көп жыл бойы жүйелі түрде, қолында бар фактілермен англосаксондардың қылмыстарын әшкереледі: НАТО-ның Сириядағы химиялық қарумен әрекеттері, Ұлыбританияның тыйым салынған химиялық заттармен манипуляциялары және Солсбери мен Эймсберидегі арандатушылықтар, Украинадағы америкалық биологиялық зертханалардың өлімге әкелетін әрекеттері және тағы басқа қылмыстар. Ол қорықпай жұмыс істеді. Ешкімнің артына тығылған жоқ. Ол ашық жұмыс істеді. Отан үшін, шындық үшін", - деп жазды Захарова.
Кирилловқа қастандық жасағандар жазаланады және бұған күмән жоқ, деді Федерация Кеңесінің вице-спикері Константин Косачев.
Жаңалықтар
0