https://sputnik.kz/20241217/ile-balqash-rezervatyna-tagy-ush-tort-zholbarys-zhetkiziledi--ministr-49341503.html
Іле-Балқаш резерватына тағы үш-төрт жолбарыс жеткізіледі – министр
Іле-Балқаш резерватына тағы үш-төрт жолбарыс жеткізіледі – министр
Sputnik Қазақстан
Биыл қыркүйек айында резерватқа алғаш рет Нидерланды елінен екі жолбарыс жеткізілді 17.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-17T17:03+0500
2024-12-17T17:03+0500
2024-12-17T17:03+0500
жолбарыс
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1d/26419350_0:42:2465:1428_1920x0_80_0_0_f397cad3c54c79b0b888cb21a5a3e53d.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылы Іле-Балқаш резерватына Ресейден үш-төрт жолбарыс жеткізіледі. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде Тұран жолбарысын қалпына келтіру мақсатында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ал азық қорын қамтамасыз ету үшін 205 бас тоғай бұғысы жеткізілді. Бұдан бөлек, құлан әкелінді. Елік пен қабанның саны артты. Биыл қыркүйек айында резерватқа алғаш рет Нидерланды елінен екі жолбарыс жеткізілді. Оларды арнайы торда ұстайды, ал тұқымын жабайы табиғатқа жіберіп отырады."2025 жылы Ресей Федерациясынан үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған, әкелінген жолбарыстардың тұқымы Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз", - деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
https://sputnik.kz/20240923/ile-balqash-rezervatyna-zholbarystar-zhetkizildi-47280730.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1d/26419350_56:0:2253:1648_1920x0_80_0_0_2ff3b3dc27957ec31ec5c04bdd68d853.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолбарыс, қазақстан
Іле-Балқаш резерватына тағы үш-төрт жолбарыс жеткізіледі – министр
Биыл қыркүйек айында резерватқа алғаш рет Нидерланды елінен екі жолбарыс жеткізілді
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылы Іле-Балқаш резерватына Ресейден үш-төрт жолбарыс жеткізіледі. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Тұран жолбарысын қалпына келтіру мақсатында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ал азық қорын қамтамасыз ету үшін 205 бас тоғай бұғысы жеткізілді. Бұдан бөлек, құлан әкелінді. Елік пен қабанның саны артты. Биыл қыркүйек айында резерватқа алғаш рет Нидерланды елінен екі жолбарыс
жеткізілді. Оларды арнайы торда ұстайды, ал тұқымын жабайы табиғатқа жіберіп отырады.
"2025 жылы Ресей Федерациясынан үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған, әкелінген жолбарыстардың тұқымы Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз", - деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.