https://sputnik.kz/20241217/atyrau-astrakhan-zholynyn-qurylysy-ayaqtaldy-49329781.html
"Атырау-Астрахань" жолының құрылысы аяқталды
"Атырау-Астрахань" жолының құрылысы аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) жолын қайта жаңарту бойынша негізгі... 17.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-17T09:58+0500
2024-12-17T09:58+0500
2024-12-17T09:58+0500
жол
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49329619_0:42:800:492_1920x0_80_0_0_6fc6949f69a89a68ea2a3b6750aa7d33.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын хабарлады. Жол учаскесінің ұзындығы 272 шақырым. Жоба жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен жүзеге асырылды. Компанияның хабарлауынша, қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақты қозғалысы бар жол салынды. Жоба аясында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр мен 10 демалыс алаңдары абаттандырылды. Сондай-ақ 650 жарық тірегі орнатылып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етілді. Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді. Бұл жоба барысында салынған сапалы жол жабыны мен заманауи инфрақұрылымның нәтижесінде жүзеге асуда. Атырау-Астрахань автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жұмыстардың аяқталуы аймақтың көлік инфрақұрылымының дамуына және Қазақстан мен Ресей арасында байланысты күшейтіп, экономиканың дамуына және халықаралық сауданың дамуына септігін тигізбек.
https://sputnik.kz/20241116/qaragandy---balqash-tas-zholy-zhyl-sonyna-deyin-paydalanuga-beriledi-48571051.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49329619_44:0:756:534_1920x0_80_0_0_3a6df25b38ee9678a91bf9072250d22a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, атырау облысы
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын хабарлады.
Жол учаскесінің ұзындығы 272 шақырым. Жоба жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен жүзеге асырылды.
Компанияның хабарлауынша, қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақты қозғалысы бар жол салынды.
Жоба аясында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр мен 10 демалыс алаңдары абаттандырылды. Сондай-ақ 650 жарық тірегі орнатылып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етілді.
"Қайта жаңарту жұмыстары халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жобаны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты. Аталмыш жұмыстарға 650 маман мен 450 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Ақтөбе (Мұғалжар) және Маңғыстау (Шетпе) облыстарынан теміржол арқылы 3,4 млн тонна интертті материал жеткізіліп, жұмыс барысында қолданылды. Инертті материалдарды тасымалдауға 50 мыңға жуық жарты вагон және битум тасымалына 2,5 мың битум тасығыш қажет болды", - делінген хабарламада.
Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді. Бұл жоба барысында салынған сапалы жол жабыны мен заманауи инфрақұрылымның нәтижесінде жүзеге асуда.
Атырау-Астрахань автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жұмыстардың аяқталуы аймақтың көлік инфрақұрылымының дамуына және Қазақстан мен Ресей арасында байланысты күшейтіп, экономиканың дамуына және халықаралық сауданың дамуына септігін тигізбек.