ҚазАвтоЖол бірнеше аймақта көлік қозғалысына шектеу енгізді

© Photo : Pixabay / PexelsДорога зимой
Дорога зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аймақта көлік қозғалысына шектеу енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін сағат 12:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Ал түстен кейін Рысқұлов ауылынан кейінгі учаскеде жол жабылды.
"Түркістан облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 620-663 шақырымы аралығында (Т. Рысқұлов ауылынан Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген ресми хабарламада. Жамбыл облысында тура сол жолдың екі учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Олар:
534-593 шақырым аралығы - Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін;
159-238 шақырым аралығы - Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін; Бұдан бөлек, кешкі сағат 17:00-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алма-Тау турбазасына кіреберіс" республикалық автожолының 0-15 шақырым аралығындағы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл жолды 17 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр. Айта кетері, 1403 байланыс орталығынан жолдарға қатысты тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Дорога, асфальт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Қазақстанда биыл 7,5 мың шақырым жол жөнделді
Жаңалықтар
0