https://sputnik.kz/20241215/lazzat-asanovaga-khalyq-qaarmany-atagyn-beretin-kez-keldi--qozhanazarov-49316675.html
Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беретін кез келді – Қожаназаров
Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беретін кез келді – Қожаназаров
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Республика" партиясының басшысы, депутат Айдарбек Қожаназаров 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқан Ләззат Асановаға... 15.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-15T16:42+0500
2024-12-15T16:42+0500
2024-12-15T18:56+0500
желтоқсан көтерілісі
https://sputnik.kz/img/07e8/05/02/44041065_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d8d486810a2b9758b563d81f1fd79a4b.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Республика" партиясының басшысы, депутат Айдарбек Қожаназаров 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқан Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Халық қаһарманы" деген атақ еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы ерлігі үшін берілетін ең жоғарғы марапат болып саналады. Қазақстан егемендік алғалы бері бұл атаққа 36 адам ие болды. Оның айтуынша, қазақ халқы Ләззат Асановаға батыр деген атақты баяғыда берген. Енді оны құжатпен бекітіп, нүктесін қоятын кез жетті. "Бұл мәселені аяқсыз қалдырмау тарих алдындағы бәріміздің борышымыз. Ал оны ресми түрде жариялау келешек ұрпақ үшін тәрбие-өнеге, өз елін сүйіп, құрметтеудің асқан үлгісі болар еді", - дейді депутат.
https://sputnik.kz/20191216/Qairat-Rysqulbekov-omirbayan-12312494.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/02/44041065_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_fff826f67627e12ba7189ca7f7ff198e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан көтерілісі
Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беретін кез келді – Қожаназаров
16:42 15.12.2024 (жаңартылды: 18:56 15.12.2024) АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Республика" партиясының басшысы, депутат Айдарбек Қожаназаров 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқан Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Халық қаһарманы" деген атақ еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы ерлігі үшін берілетін ең жоғарғы марапат болып саналады.
Қазақстан егемендік алғалы бері бұл атаққа 36 адам ие болды.
"Бірақ соның тек 2-і әйел кісі екен. Біріншісі Хиуаз Доспанова. Екіншісі Роза Бағланова. Айтайын дегенім, мен 1986 жылы намыстың туын желбіретіп, кейін жұмбақ жағдайда көз жұмған Ләззат Асановаға "Халық қаһарманы" атағын беретін уақыт келді деп ойлаймын. Бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет айтылды. Ләззаттың анасы марқұм Алтынай апай да осы туралы көп айтты", - деп жазды Қожаназаров әлеуметтік желіде
парақшасында. Оның айтуынша, қазақ халқы Ләззат Асановаға батыр деген атақты баяғыда берген. Енді оны құжатпен бекітіп, нүктесін қоятын кез жетті.
"Бұл мәселені аяқсыз қалдырмау тарих алдындағы бәріміздің борышымыз. Ал оны ресми түрде жариялау келешек ұрпақ үшін тәрбие-өнеге, өз елін сүйіп, құрметтеудің асқан үлгісі болар еді", - дейді депутат.