https://sputnik.kz/20241215/almatylyq-oqushylar-kulash-bayseyitova-shynyn-bagyndyrdy-49313375.html
Алматылық оқушылар Күләш Байсейітова шыңын бағындырды
Алматылық оқушылар Күләш Байсейітова шыңын бағындырды
Sputnik Қазақстан
Жас альпинистер бұған дейін Үлкен Алматы шыңы және Тұран шыңы сияқты шыңдарды бағындырған 15.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-15T14:52+0500
2024-12-15T14:52+0500
2024-12-15T14:52+0500
алматы
альпинист
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49311571_0:112:960:652_1920x0_80_0_0_53a3ed26c3383189972ab640bc6bce52.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласындағы №102 орта мектептің "Жас сарбаз" сыныбының тәрбиеленушілері Күләш Байсейітова шыңына көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Оқушыларды әскери дайындық жетекшісі Бақытжан Перімбет бастап барды. Олар теңіз деңгейінен 3450 метр биіктіктегі Күләш Байсейітова шыңына шығып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын тікті.Жас альпинистер жасағының командирі Игнат Зизиннің айтуынша, қыста шыңға шығу оңай емес."Киров" әскери-патриоттық клубы жас альпинистері бұған дейін Үлкен Алматы шыңы және Тұран шыңы сияқты шыңдарды бағындырған. Олардың айтуынша, дайындық кезінде бағдарлау дағдыларын меңгеру, альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу және экстремалды жағдайларда өмір сүру сияқты жеңіл атлетика мен тау даярлығының жартыжылдық курсынан міндетті түрде өту керек.
https://sputnik.kz/20240605/everest-shynyn-bagyndyrgandar---foto--44787717.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49311571_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_f6754f577cfc2e80e26538b67cd76129.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, альпинист
Алматылық оқушылар Күләш Байсейітова шыңын бағындырды
Жас альпинистер бұған дейін Үлкен Алматы шыңы және Тұран шыңы сияқты шыңдарды бағындырған
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласындағы №102 орта мектептің "Жас сарбаз" сыныбының тәрбиеленушілері Күләш Байсейітова шыңына көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Оқушыларды әскери дайындық жетекшісі Бақытжан Перімбет бастап барды. Олар теңіз деңгейінен 3450 метр биіктіктегі Күләш Байсейітова шыңына шығып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын тікті.
Жас альпинистер жасағының командирі Игнат Зизиннің айтуынша, қыста шыңға шығу оңай емес.
"Қар, –23 градусқа дейін аяз және биікке өрмелеу сынағы жақсы бейімделуді қажет етеді. Мұқият дайындықтың арқасында ғана біз барлық қиындықты жеңе алдық. Бұл тек сынақ қана емес, үлкен жетістік болды", – дейді ол.
"Киров" әскери-патриоттық клубы жас альпинистері бұған дейін Үлкен Алматы шыңы және Тұран шыңы сияқты шыңдарды бағындырған. Олардың айтуынша, дайындық кезінде бағдарлау дағдыларын меңгеру, альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу және экстремалды жағдайларда өмір сүру сияқты жеңіл атлетика мен тау даярлығының жартыжылдық курсынан міндетті түрде өту керек.