Грузияның жаңа президенті сайланды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуГрузия
Грузия - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Жазылу
Грузияда сайлау наразылық акциялары аясында өтіп жатыр
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Президент сайлауы бүгін 9:00-14:00 аралығында өтті. Ал жалғыз кандидат үшін сайлау алқасының мүшелері дауыс берді. Олардың жалпы саны – 300 адам. Бүгінгі сайлауға алқаның 225 мүшесі қатысты. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Дауыс бергендердің барлығы кандидатты қолдады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвилидің айтуынша, сайлау алқасының 224 мүшесі Кавелашвилиге дауыс берді.
"Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды ", - деді комиссия төрағасы.
Грузияда президент сайлауы наразылық акциялары аясында өтіп жатыр. Наразылыққа шыққандар Тбилисиде орталық көшені жауып тастады. Одан кейін парламенттің жанына жайғасып алған. Полиция ғимаратты қоршауға алды. Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили және наразылыққа шыққандар президент сайлауының нәтижесімен келіспей отыр.
Грузияда президенттің өкілеттілігі шектеулі. Мәселен, мемлекет басшысы рақымшылық жасап, заңдарға вето енгізе алады. Ал халықаралық қарым-қатынастарда өкілеттілік функцияларын үкіметтің келісімімен атқарады.
2018 жылы Грузия Конституциясына тиісті өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – парламенттік республика құру.
Глава государства принял Председателя Парламента Грузии Шалву Папуашвили - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Қазақстан мен Грузия көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті
Жаңалықтар
0