Қазақстан мен Ресей шекарасында 500 жүк көлігі тұрып қалды

© Photo : Пресс-служба комитета госдоходов Минфина Казахстана Очередь грузовых машин на границе
Очередь грузовых машин на границе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналғаны туралы хабарлады.
13 желтоқсанға қараған түннен бастап "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды, деп атап өтті комитет.

"12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты жүк көліктері тұрып қалды. Қалың қар, боран, көктайғақ болып тұр. Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ ақпараты бойынша шектеулер шамамен 13 желтоқсан сағат 22:00-ге дейін болады", - делінген хабарламада.

Сондықтан жүк көліктері маршрут бойынша жүру мүмкіндігінен айырылып, ауа-райының жақсаруын күтуде.
Сонымен қатар, Қазақстандағы ауа-райының қолайсыздығы бірден он өңірде көлік қозғалысын қиындатты. Синоптиктердің айтуынша, жаңбыр, қар және көктайғақ болады. Ал "Қазавтожол" автокөлік жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды ескертті.
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Қазақстан мен Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі енгізілді: нәтижесі қандай
Жаңалықтар
0