Тоқаев өз әкесінің атындағы орта мектепке барды

© АқордаПрезидент Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Жетісу облысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.
Мемлекет басшысына "Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры" атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.
Сонымен қатар Қаратал ауданының бірқатар әлеуметтік нысанымен танысты.
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.
Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді. Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.
Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.
Тоқаев Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2024
Жетісу облысына биыл 327 миллиард теңге инвестиция тартылған
Жаңалықтар
0