https://sputnik.kz/20241213/maskeude-euraziyalyq-ukimetaralyq-kenestin-otyrysy-otedi-49267611.html
Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді
Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО үкімет басшылары энергетика және сауда мәселелерін талқылайды 13.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-13T11:03+0500
2024-12-13T11:03+0500
2024-12-13T11:03+0500
еаэо
форум
https://sputnik.kz/img/1274/82/12748207_0:0:3259:1833_1920x0_80_0_0_2a98acfcd99e303b99fb8d4635feda6d.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясында энергетика, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, электронды сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Тараптар өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларын іріктеу және оларды жүзеге асыруға қаржылық көмек көрсету туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы пікір алмасады. Бұл кездесу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын бастағаннан бері 41-ші және биылғы төртінші кездесуі болмақ. Бұған дейінгі кездесу 1 қазанда Ереванда өткен болатын. Одан кейін қатысушылар ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіп, көлік, кеден-тариф, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин бұған дейін хабарлағандай, одақтың ішкі нарығы мүше мемлекеттер үшін маңыздылығы артып жатыр. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында "бестіктегі" өзара сауда 5,7%-ға өсті, ал есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі шамамен 90%-ды құрады. Үкіметаралық кеңес ұйымға мүше мемлекеттер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкімет басшыларынан тұратын одақтың органы болып табылады. 2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына, оның ішінде Еуразиялық үкіметаралық кеңеске Армения төрағалық етеді.
https://sputnik.kz/20240805/euraziyalyq-ekonomikalyq-komissiyada-biznes-ushin-manyzdy-maseleler-talqylandy-46100241.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/82/12748207_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_48b96efadaa8692dcfa0bf038da19482.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, форум
Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді
ЕАЭО үкімет басшылары энергетика және сауда мәселелерін талқылайды
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясында энергетика, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, электронды сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Тараптар өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларын іріктеу және оларды жүзеге асыруға қаржылық көмек көрсету туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы пікір алмасады. Бұл кездесу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын бастағаннан бері 41-ші және биылғы төртінші кездесуі болмақ.
Бұған дейінгі кездесу 1 қазанда Ереванда өткен болатын. Одан кейін қатысушылар ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіп, көлік, кеден-тариф, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин бұған дейін хабарлағандай, одақтың ішкі нарығы мүше мемлекеттер үшін маңыздылығы артып жатыр.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында "бестіктегі" өзара сауда 5,7%-ға өсті, ал есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі шамамен 90%-ды құрады. Үкіметаралық кеңес ұйымға мүше мемлекеттер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкімет басшыларынан тұратын одақтың органы болып табылады.
2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына, оның ішінде Еуразиялық үкіметаралық кеңеске Армения төрағалық етеді.