Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2024
Жазылу
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2025 жылдың қаңтарында Алматы қаласында өтеді
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бектенов ЕАЭО-ның көлік-логистикалық негізі мен байланысын нығайтуға әрі дамытуға ерекше назар аударды.
"Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде түйісу пункттері дамитын және теміржол желілерінің құрылысы жүзеге асырылады. Осылайша, біз транзиттік тасымал көлемін 28 млн тоннадан 45 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші темір жолдар төсеуді көздеп отырмыз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бүгінде Қытайдан Еуропаға транзит көлемін ұлғайту үшін "Достық – Мойынты" учаскесінде темір жолдар салу жұмыстары жалғасуда. Жобаны іске асыру өткізу қабілетін 5 есеге, ал тасымалдау жылдамдығын 2 есеге – тәулігіне 1,5 мың шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Одақтың инфрақұрылымдық басым жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Өнеркәсіп кооперациясын нығайту үшін бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі қолданылады. Олжас Бектенов Одақтың басым міндеті – бизнесті қолдау құралдары мен қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмысты күшейту болуы тиіс екеніне тоқталды. Бүгінгі таңда кооперация үшін перспективалы бағыттар – жоғары технологиялық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру болуы мүмкін. Өнімдердің осы түрлерін шығаруды арттыру үшінші елдерден мұндай тауарлар импортын азайтуға ықпал етеді.
Өнімділікті арттыру мақсатында АӨК-те жоғары технологияларды енгізу ұсынылып отыр. Олжас Бектенов қазіргі таңда елімізде "цифрлы" фермалар белсенді дамып келе жатқанын, егіншілік пен мал шаруашылығында "ақылды" жүйелер қолданылатынын айтты.
Еуразия даму банкінің талдауына сәйкес, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін іске асыру шамамен 600 млн адамның азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0