https://sputnik.kz/20241213/almatyda-tauelsizdik-kuni-qanday-is-sharalar-otedi-49262910.html
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер... 13.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-13T08:40+0500
2024-12-13T08:40+0500
2024-12-13T08:40+0500
алматы
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/122/39/1223987_0:58:1200:733_1920x0_80_0_0_163427890a825454eadf44fc1f6f986d.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.17 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.13 желтоқсанда Алмалы ауданында "Ten Qogam" орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.13 желтоқсанда сағат 11:30-да Медеу ауданында Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде "Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік" атты кездесу өтеді.13 желтоқсанда Түрксіб ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен "Ардагерлерді ардақтайық!" атты дөңгелек үстел өтеді.13 желтоқсанда Наурызбай ауданында сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында "Тұғыры биік – тәуелсіздік" атты концерт өтеді.13 желтоқсанда Әуезов ауданында сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында "Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың" атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.13 желтоқсанда Жетісу ауданында сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде "Тәуелсіздік – Тұғырым" атты мерекелік концерт өтеді.Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.15 желтоқсанда сағат 16:00-де Бостандық ауданында аудандық комьюнити орталығында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.
https://sputnik.kz/20241206/astanada-tauelsizdik-kunine-oray-qanday-is-sharalar-otedi-49092730.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/122/39/1223987_74:0:1127:790_1920x0_80_0_0_c481ec682c853a04f2926ad6c05d7638.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәуелсіздік күні
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.
17 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.
13 желтоқсанда Алмалы ауданында "Ten Qogam" орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.
13 желтоқсанда сағат 11:30-да Медеу ауданында Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде "Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік" атты кездесу өтеді.
13 желтоқсанда Түрксіб ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен "Ардагерлерді ардақтайық!" атты дөңгелек үстел өтеді.
13 желтоқсанда Наурызбай ауданында сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында "Тұғыры биік – тәуелсіздік" атты концерт өтеді.
13 желтоқсанда Әуезов ауданында сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында "Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың" атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.
13 желтоқсанда Жетісу ауданында сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде "Тәуелсіздік – Тұғырым" атты мерекелік концерт өтеді.
Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.
15 желтоқсанда сағат 16:00-де Бостандық ауданында аудандық комьюнити орталығында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.