https://sputnik.kz/20241213/abylaykhan-zhusipovti-tistep-algan-ozbek-boksshysy-altynnan-ayyryldy-49280779.html
Абылайхан Жүсіповті тістеп алған өзбек боксшысы "алтыннан" айырылды
Абылайхан Жүсіповті тістеп алған өзбек боксшысы "алтыннан" айырылды
Sputnik Қазақстан
Өзбекстандық боксшы Хавасбек Асадуллаев қарсыласын тістеп алғаны үшін жарыстардан шеттетілді 13.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-13T15:48+0500
2024-12-13T15:48+0500
2024-12-13T15:48+0500
бокс
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49277541_3:0:1432:804_1920x0_80_0_0_c86c1e03eecde2515e193f7cb86f9cab.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Бокстан Азия чемпионатында өзбекстандық спортшы Хавасбек Асадуллаев 71 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, бірақ тура екі күннен кейін ереже бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді, деп хабарлады Uznews.uz агенттігі.Финалдық кездесуде Хавасбек Асадуллаев қазақстандық қарсыласы Абылайхан Жүсіповпен кездесті. Төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіс Асадуллаевқа берілді. Кейінірек өзбек спортшысы қарсыласының иығынан тістеп алғаны белгілі болды, оны жекпе-жек кезінде төреші байқамаған.Қазақстан бокс федерациясының наразылығынан кейін ASBC ұйымының техникалық делегаты ирландиялық Сади Даффи ережені өрескел бұзғаны үшін Хавасбек Асадуллаевты дисквалификациялау туралы шешім қабылдады."Бұл шарттардың 21.1.8 ережесін өрескел бұзу, жекпе-жек кезінде спортшы қарсыласын тістеп алғанын төреші байқамай қалған, бірақ кейін анықталды. Ережеге сәйкес, Абылайхан Жүсіпов жекпе-жектің жеңімпазы болып жарияланады", - делінген ASBC хабарламасында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49277541_181:0:1253:804_1920x0_80_0_0_bb295410fc4df2024a3aeb137e51141d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс
Абылайхан Жүсіповті тістеп алған өзбек боксшысы "алтыннан" айырылды
Өзбекстандық боксшы Хавасбек Асадуллаев қарсыласын тістеп алғаны үшін жарыстардан шеттетілді
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Бокстан Азия чемпионатында өзбекстандық спортшы Хавасбек Асадуллаев 71 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, бірақ тура екі күннен кейін ереже бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді, деп хабарлады Uznews.uz агенттігі.
Финалдық кездесуде Хавасбек Асадуллаев қазақстандық қарсыласы Абылайхан Жүсіповпен кездесті. Төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіс Асадуллаевқа берілді. Кейінірек өзбек спортшысы қарсыласының иығынан тістеп алғаны белгілі болды, оны жекпе-жек кезінде төреші байқамаған.
Қазақстан бокс федерациясының наразылығынан кейін ASBC ұйымының техникалық делегаты ирландиялық Сади Даффи ережені өрескел бұзғаны үшін Хавасбек Асадуллаевты дисквалификациялау туралы шешім қабылдады.
"Бұл шарттардың 21.1.8 ережесін өрескел бұзу, жекпе-жек кезінде спортшы қарсыласын тістеп алғанын төреші байқамай қалған, бірақ кейін анықталды. Ережеге сәйкес, Абылайхан Жүсіпов жекпе-жектің жеңімпазы болып жарияланады", - делінген ASBC хабарламасында.