https://sputnik.kz/20241212/zhyl-basynan-beri-astanaga-millionnan-astam-turist-keldi-49231647.html
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Астанаға 1 097 413 адам келді, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды, деп хабарлайды... 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T09:19+0500
2024-12-12T09:19+0500
2024-12-12T09:19+0500
астана
туризм
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43390569_0:213:1280:933_1920x0_80_0_0_cb390815f78ec7cc9fa2b80430e68244.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Астанаға 1 097 413 адам келді, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2024 жылы туристер Астанаға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келді. 1 097 413 адамның 261 964-і немесе 23,9 пайызы – шетелдіктер.Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркелді. Сонымен, маусымда қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.Астана ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналды. Биыл елордада "Automechanika Astana 2024", "Eurasian Book Fair", Astana Half Marathon халықаралық көрмелері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен "Comic Con" заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің концерті, "Enactus World Cup 2024" студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т. б. сияқты ірі іс-шаралар өтті.2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды. Осы бастамашыл жыл аясында Астана 6 ірі іс-шараны жүзеге асырды:2024 жылғы 30 қазанда Visit Astana бренді әлемнің түкпір-түкпірінен туристік саланың 240-тан астам компаниясын біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болғанын атап өткен жөн.
https://sputnik.kz/20241209/zhyl-sonyna-deyin-turizm-salasynda-120-mlrd-tengenin-zhobalary-zhuzege-asyrylady-49131448.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43390569_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d0c5b068a8ea43ef4d5646f3031010c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, туризм
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Астанаға 1 097 413 адам келді, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2024 жылы туристер Астанаға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келді. 1 097 413 адамның 261 964-і немесе 23,9 пайызы – шетелдіктер.
Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркелді. Сонымен, маусымда қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Астана ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналды. Биыл елордада "Automechanika Astana 2024", "Eurasian Book Fair", Astana Half Marathon халықаралық көрмелері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен "Comic Con" заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің концерті, "Enactus World Cup 2024" студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т. б. сияқты ірі іс-шаралар өтті.
2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды. Осы бастамашыл жыл аясында Астана 6 ірі іс-шараны жүзеге асырды:
"Қытайдағы қазақстандық туризм жылының" ашылуы мен жабылуы (2024 ж. 28 наурыз), онда Астана туристік әлеуетті үздік көрсеткені үшін Гран-При және қытай нарығында үздік ілгерілегені үшін марапатқа ие болды;
Қытай туризм академиясының президенті Дай Биннің, MaFengWo маркетингтік компанияларының, С-trip, Қытай туристік қауымдастықтары мен туроператорларының қатысуымен Қазақстан-Қытай бизнес диалогы (2024 ж. 14 қараша) ұйымдастырылды;
Қытайдың 7 қаласынан (2024 ж.13-16 қараша) 25 туристік қоғамдастық өкілдеріне арналған ақпараттық тур, Бейжің қаласында (2024 ж. 18 қазан) роуд-шоу өткізілді және "China International Medical Tourism Beijing" (2024 ж. 21-23 қараша) халықаралық медициналық көрмесіне қатысты, бұл елорданың заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін айтарлықтай нығайтты.
2024 жылғы 30 қазанда Visit Astana бренді әлемнің түкпір-түкпірінен туристік саланың 240-тан астам компаниясын біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болғанын атап өткен жөн.