https://sputnik.kz/20241212/ludomanga-aldangan-qaragandy-turgyny-14-mln-tengesinen-ayyryldy-49253185.html
Лудоманға алданған Қарағанды тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды
Лудоманға алданған Қарағанды тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Полиция Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T21:32+0500
2024-12-12T21:32+0500
2024-12-12T21:32+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан — Sputnik. Лудоман Қарағандыдағы сауда үйінің басшысын алдап, 14 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.Полицияға Қарағандыдағы сауда ұйымдарының бірінің 40 жастағы басшысы жүгінген. Айтуынша, 14 млн теңгесінен айрылып қалған. Өзін алдаған адаммен таныс еместігін, тек атын білетінін айтқан.Қарыз алып кеткен күдікті көлігінен ноутбук алатынын айтып, кілтін беруді сұраған. Ал жәбірленуші оның өтінішін орындап, өз жұмысымен кеткен."Біраз уақыттан кейін ғана ол 14 млн теңгесін қойып кеткен көліктің жоғалып кеткенін білген. Сол күйі күдікті ізін суытқан, байланысқа шықпаған. Полиция Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол букмекерлік кеңселердің бірінде үнемі ақшаны ұтысқа тігетінін түсіндіріп, бұл ретте де сәтсіздікке ұшырағанын мойындады", - дейді ведомство.Жинақталған қарызды өтеу үшін жәбірленушіден 1,7 млн теңге қарыз алып, ойынға салып жіберген. Кейіннен оқиға орнынан жасырынып, жәбірленушіге тиесілі 14 млн теңгені тауып алған. Ол барлық ақшаны тағы да ұтысқа тіккен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Лудоманға алданған Қарағанды тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды
Полиция Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан — Sputnik. Лудоман Қарағандыдағы сауда үйінің басшысын алдап, 14 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға Қарағандыдағы сауда ұйымдарының бірінің 40 жастағы басшысы жүгінген. Айтуынша, 14 млн теңгесінен айрылып қалған. Өзін алдаған адаммен таныс еместігін, тек атын білетінін айтқан.
"Күдікті жәбірленушіден бір-екі күннен кейін барлық соманы қайтаратынына сендіріп, 1,7 млн теңге қарыз беруін сұраған. Жәбірленуші келісіп, қарыз алушы кепіл ретінде жеңіл көлігін тастап кеткен. Келесі күні сауда ұйымының басшысы осы көлікпен банк шотына аудару үшін 14 млн теңге сомасында қолма-қол ақша алып, жұмысына келген", - дейді полиция.
Қарыз алып кеткен күдікті көлігінен ноутбук алатынын айтып, кілтін беруді сұраған. Ал жәбірленуші оның өтінішін орындап, өз жұмысымен кеткен.
"Біраз уақыттан кейін ғана ол 14 млн теңгесін қойып кеткен көліктің жоғалып кеткенін білген. Сол күйі күдікті ізін суытқан, байланысқа шықпаған. Полиция Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол букмекерлік кеңселердің бірінде үнемі ақшаны ұтысқа тігетінін түсіндіріп, бұл ретте де сәтсіздікке ұшырағанын мойындады", - дейді ведомство.
Жинақталған қарызды өтеу үшін жәбірленушіден 1,7 млн теңге қарыз алып, ойынға салып жіберген. Кейіннен оқиға орнынан жасырынып, жәбірленушіге тиесілі 14 млн теңгені тауып алған. Ол барлық ақшаны тағы да ұтысқа тіккен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.