https://sputnik.kz/20241212/astanadan-burabayga-zhana-turistik-poyyz-qatynaydy-49259953.html
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Sputnik Қазақстан
Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T19:45+0500
2024-12-12T19:45+0500
2024-12-12T19:47+0500
бурабай
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49260099_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_7188355ad38f97dc696b2f819317936c.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Астанадан Бурабайға жаңа брендтелген пойыз қатынайды.13 желтоқсанда пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Пойызға қазақстандық ЗИКСТО зауытында шығарылған вагондар тіркеледі. Вагондар ыңғайлы саяхатқа қажетті құралдармен жабдықталған: Пойыз Нұрлы Жол және Астана станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүредіЖол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Билет құны: Нұрлы Жол станциясынан – 2770 теңге, Астана станциясынан – 2548 теңге.Пойызды іске қосу үшін вагондардың бірегей дизайны жасалды. Сыртқы безендіруге Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем мұражайы және Щучье-Бурабай курорттық аймағының көркем пейзаждары сияқты Астана мен Бурабайдың көрнекті жерлерінің бейнелері кіреді. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуі Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және курорттың табиғи сұлулығын көрсетеді.Пойыздың тағы бір ерекшелігі - эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады, бұл сапарды жайлы ғана емес, сонымен қатар танымдық етеді.Бұл жоба ішкі туризмді дамытуға бағытталған.
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49260099_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_cdf6d7c9ad852fd22c4725b06542f476.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, пойыз
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
19:45 12.12.2024 (жаңартылды: 19:47 12.12.2024) Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Астанадан Бурабайға жаңа брендтелген пойыз қатынайды.
13 желтоқсанда пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Пойызға қазақстандық ЗИКСТО зауытында шығарылған вагондар тіркеледі. Вагондар ыңғайлы саяхатқа қажетті құралдармен жабдықталған:
заманауи кондиционер жүйесі,
мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар,
экологиялық таза дәретхана.
Пойыз Нұрлы Жол және Астана станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүредіЖол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Билет құны: Нұрлы Жол станциясынан – 2770 теңге, Астана станциясынан – 2548 теңге.
Пойызды іске қосу үшін вагондардың бірегей дизайны жасалды. Сыртқы безендіруге Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем мұражайы және Щучье-Бурабай курорттық аймағының көркем пейзаждары сияқты Астана мен Бурабайдың көрнекті жерлерінің бейнелері кіреді. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуі Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және курорттың табиғи сұлулығын көрсетеді.
Пойыздың тағы бір ерекшелігі - эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады, бұл сапарды жайлы ғана емес, сонымен қатар танымдық етеді.
Бұл жоба ішкі туризмді дамытуға бағытталған.