https://sputnik.kz/20241212/astanada-khalyqaralyq-zhasandy-intellekt-ortalygy-ashylady-49252311.html
Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады
Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады
Sputnik Қазақстан
Орталық 2029 жылға қарай қазақстандық жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 5 миллиард долларға дейін арттырады 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T16:49+0500
2024-12-12T16:49+0500
2024-12-12T16:49+0500
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e8/09/03/46766688_0:317:3076:2047_1920x0_80_0_0_f07baba9646c947621cbf68e9c0a42d6.jpg
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Астанада халықаралық Аlem.ai жасанды интеллект орталығы ашылады. Бүгін орталықтың тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.Орталық құрылса Қазақстанның жасанды интеллект шешімдерінің экспорты 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін артады. Сондай-ақ Астана Орталық Азиядағы жасанды интеллекттехнологияларының жетекші орталығына айналады. Экономика өседі.Орталықтың бірінші қабатында жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған форумдар мен ашық дәрістер өткізуге арналған қоғамдық кеңістік және жасанды интеллект мұражайы орналасады.Екінші және үшінші қабаттар TUMO School мектебіне арналған. Бұл мектеп 9–12 сынып оқушыларына бағытталған және Астанадағы 42 000-нан астам оқушы бағдарламалау, робототехника және басқа да шығармашылық технологиялар бойынша инновациялық ойлауды дамыту және IT саласында табысты мансапқа дайындық бағдарламаларына қатыса алады.Екінші қабатта 206 орынға арналған оқу және сабақ өткізу орындары, ал үшінші қабатта тағы 348 орын қосылады. Ғимаратта топтық сабақтарға, конференция залдарына және практикалық жобаларды жүзеге асыруға арналған зертханалар қарастырылған.Төртінші және бесінші қабаттарда Tomorrow School мектебінің студенттері оқиды.Tomorrow School – бұл Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект бойынша peer-to-peer (тең-теңімен оқыту) мектебі, оны 2024 жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосты. Бұл мектеп 01 Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді және бағдарламалау бойынша алдын ала білімді қажет етпей, жасанды интеллект саласында тегін білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Алғашқы және екінші лекке 5 000-нан астам өтініш түсті. Бірінші лек аясында 120 адам "бассейннен" өтті, оның ішінде тек 30%-ы негізгі оқуға қабылданды. Екінші лекте 190 студент оқуда. Орталық аясында одан да көп студенттерді жасанды интеллект дағдыларына үйрету жоспарланған. Ғимараттың қалған қабаттары да осы саланы дамытуға арналған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/03/46766688_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_00edc0c3f01dc97bae86d9d19ff63841.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект
Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады
Орталық 2029 жылға қарай қазақстандық жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 5 миллиард долларға дейін арттырады
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Астанада халықаралық Аlem.ai жасанды интеллект орталығы ашылады. Бүгін орталықтың тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Орталық құрылса Қазақстанның жасанды интеллект шешімдерінің экспорты 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін артады. Сондай-ақ Астана Орталық Азиядағы жасанды интеллекттехнологияларының жетекші орталығына айналады. Экономика өседі.
"Жобаның аясында жыл сайын түрлі салалардан шамамен 10 000 талантты тарту, кемінде 1000 жасанды интеллект маманын даярлау, шамамен 100 жасанды интеллект стартапын іске қосу және жасанды интеллект саласында 10 ғылыми зерттеу жүргізу жоспарланған", - дейді ведомство.
Орталықтың бірінші қабатында жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған форумдар мен ашық дәрістер өткізуге арналған қоғамдық кеңістік және жасанды интеллект мұражайы орналасады.
Екінші және үшінші қабаттар TUMO School мектебіне арналған. Бұл мектеп 9–12 сынып оқушыларына бағытталған және Астанадағы 42 000-нан астам оқушы бағдарламалау, робототехника және басқа да шығармашылық технологиялар бойынша инновациялық ойлауды дамыту және IT саласында табысты мансапқа дайындық бағдарламаларына қатыса алады.
Екінші қабатта 206 орынға арналған оқу және сабақ өткізу орындары, ал үшінші қабатта тағы 348 орын қосылады. Ғимаратта топтық сабақтарға, конференция залдарына және практикалық жобаларды жүзеге асыруға арналған зертханалар қарастырылған.
Төртінші және бесінші қабаттарда Tomorrow School мектебінің студенттері оқиды.
Tomorrow School – бұл Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект бойынша peer-to-peer (тең-теңімен оқыту) мектебі, оны 2024 жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосты. Бұл мектеп 01 Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді және бағдарламалау бойынша алдын ала білімді қажет етпей, жасанды интеллект саласында тегін білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады.
Алғашқы және екінші лекке 5 000-нан астам өтініш түсті. Бірінші лек аясында 120 адам "бассейннен" өтті, оның ішінде тек 30%-ы негізгі оқуға қабылданды. Екінші лекте 190 студент оқуда. Орталық аясында одан да көп студенттерді жасанды интеллект дағдыларына үйрету жоспарланған. Ғимараттың қалған қабаттары да осы саланы дамытуға арналған.