Алматыда тыйым салынған жер мен мүлік шетелдіктерге сатылып кете жаздады

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ тәркіленуге тиіс жер телімін шетелдіктерге 2,2 млрд теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды қаржылық маниторинг агенттігі.
Қаржылық маниторинг агенттігі сот үкімімен тәркілеуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісін тергеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаржы маниторинг агенттігі "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
"Сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болған"Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған. Алайда, биыл қыркүйекте "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізіп, базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған", - делінген хабарламада.
Биыл 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімделген.
"Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен "Қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сондай-ақ жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды", - дейді агенттік.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Рейдерлікпен айналысқан Қоспаев пен оның сыбайластары тергеліп жатыр - видео
Жаңалықтар
0