https://sputnik.kz/20241211/zhana-zhyldan-bastap-arnauly-aleumettik-qyzmetter-litsenziyalanady-49175636.html
Жаңа жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады
Жаңа жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады
Sputnik Қазақстан
Биыл 11 айда 148 субъектіге заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, жалпы сомасы 1,75 млн теңгеге 15 айыппұл салынған 11.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-11T08:00+0500
2024-12-11T08:00+0500
2024-12-11T08:00+0500
әлеуметтік сала
лицензия
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15441196_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_15f508c224033c530c3c8a7d38c34e67.jpg
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ведомствоның мәліметінше нәтижесінде олардың қызмет сапасы жақсарады және бұл саладағы заң бұзушылыққа жол берілмейді.Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік береді."Бұл орайда өткен жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірінде мүгедек балалардың тағамнан уланып, тіпті адам шығыны болған қайғылы оқиғаны еске түсірсек жеткілікті”, - деп жазылғані ведомство хабарламасында.Кешенді тексеру кезінде бұл ұйымда балалардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталған:Биыл 11 айда 167 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде 148 субъектіге заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, жалпы сомасы 1,75 млн теңгеге 15 айыппұл салынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15441196_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_5c30bfded94ea943bf88ecb1a0ee0ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік сала, лицензия
әлеуметтік сала, лицензия
Жаңа жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады
Биыл 11 айда 148 субъектіге заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, жалпы сомасы 1,75 млн теңгеге 15 айыппұл салынған
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше нәтижесінде олардың қызмет сапасы жақсарады және бұл саладағы заң бұзушылыққа жол берілмейді.
“Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті жүргізген лицензия алдындағы талдау нәтижелері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1007 ұйымның 72,3%-і ғана талапқа сай болған”, - дейді министрлік.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік береді.
"Бұл орайда өткен жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірінде мүгедек балалардың тағамнан уланып, тіпті адам шығыны болған қайғылы оқиғаны еске түсірсек жеткілікті”, - деп жазылғані ведомство хабарламасында.
Кешенді тексеру кезінде бұл ұйымда балалардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталған:
тұрмыстық қызметтер толық көлемде көрсетілмеген;
төсек-орын, киім және аяқ киім берудің минималды нормалары сақталмаған;
скринингтік тексерулер жүргізілмеген;
тамақтану нормалары бұзылған.
Биыл 11 айда 167 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде 148 субъектіге заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, жалпы сомасы 1,75 млн теңгеге 15 айыппұл салынған.