Үлескерлік құрылысқа қатысты қосымша шектеулер енгізіледі

© Sputnik / Владислав Воднев Снос ЖК "Территория комфорта"
 Снос ЖК Территория комфорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасының негізгі жаңалығы – тұрғын үй құрылысы бойынша алдын ала шарттар, инвестициялау, брондау және тағы басқа шарттар жасасуға тыйым салу. Бұдан бөлек, тағы бірқатар шектеу енгізіледі. Олар:
құрылысы жүріп жатқан нысанды әкімдіктің рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі болмаған жағдайда жарнамалауға және екінші деңгейлі банктер ипотека рәсімдеуге тыйым салу;
салынып жатқан тұрғын үйдің тапсыру мерзімдерін ұзартуды қысқарту;
үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны және жарнаманы таратқаны үшін әкімшілік айыппұлды 2000 айлықтық есептік көрсеткішке (7,9 млн теңгеге дейін) ұлғайту.
Сондай-ақ заң аясында "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ базасында үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.
Басқа өзгерістер:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын электронды нысанда жасасу мүмкіндігін беру;
үлестік қатысу шарттарын жергілікті атқарушы органда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы міндетті есепке алу;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетіктеріне құрылыс салушылардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды төмендету;
қаржылық есептілікті ақпараттық жүйелер арқылы ұсыну міндеттілігін бекіту.
Бүгін мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін тағы өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Жаңалықтар
0