Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехы жойылды

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуАлкоголь. Архивтегі фото
Алкоголь. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
Ер адам Түркістан облысының екі ауданындағы сауда орындарына заңсыз өнім өткізген
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер үш айдан бері жұмыс істеп тұрған жасырын цехты жою арқылы заңсыз алкоголь өнімін шығаруды тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер алкогольдік өнімдерді заңсыз өндіретін астыртын цехтың қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел қызметкерлер үйінде заңсыз кәсіп ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде келесі заттар тәркіленді: қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке көлеміндегі дайын алкоголь өнімі, сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар. Жерасты цехының қызметінен келген шығын шамамен 360 мың теңгені құрады.
Құқық қорғау органдары анықтағандай, бұл астыртын цех ауданда үш ай бойы жұмыс істеген. Ер адам Түркістан облысының екі ауданындағы сауда орындарына заңсыз өнім өткізген.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасына жіберілді.
Жаңалықтар
0