РФ Федерация кеңесінің делагациясы Қазақстанға ресми сапармен келеді

© Photo : Пресс-служба Совета Федерации РФ / Медиабанкке өтуПредседатель Совета Федерации Валентина Матвиенко
Председатель Совета Федерации Валентина Матвиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған Федерация Кеңесінің делегациясы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп хабарлады кеңес өз телеграм-арнасында.
Астанада Валентина Матвиенко ел басшылығымен және қазақстандық парламентариймен кездесулер өткізіп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты барлық мәселелер кешенін талқылайды.
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен келіссөздер барысында парламентаралық өзара іс-қимыл келешегіне, оның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындыларын ескере отырып, ерекше назар аударылатын болады.
Парламенттің жоғарғы палаталарының басшылары Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған парламентаралық ынтымақтастық жоспарына қол қояды. Сондай-ақ Парламенттің жоғарғы палаталары Аппараттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
Председатель Совета Федерации Валентина Матвиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
БРИКС елдері аумағында бірыңғай білім беру стандарттары енгізіліп жатыр – Матвиенко
Жаңалықтар
0