https://sputnik.kz/20241211/qazaqstandagy-19-iri-qalanyn-on-biri-lastangan-49200923.html
Қазақстандағы 19 ірі қаланың он бірі ластанған
Қазақстандағы 19 ірі қаланың он бірі ластанған
Sputnik Қазақстан
Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілді 11.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-11T12:12+0500
2024-12-11T12:12+0500
2024-12-11T12:12+0500
экология
https://sputnik.kz/img/889/07/8890755_48:0:2452:1352_1920x0_80_0_0_0fb8334d2e50cad2f799be5a510868c3.jpg
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында экологияның ластануы салдарынан онкологиялық аурулар ең көп тіркелді, деп хабарлады Finprom.kz."Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, атмосфералық ауа ең нашар аймақ – Астана мен Қарағанды. Бұл қалалардағы ластану деңгейі өте жоғары. Ауасы аз ластанған, бірақ экологиялық жағынан қолайсыз – Алматы, Өскемен, Түркістан, Петропавл, Қостанай, Орал және Ақтөбе.Ал ауасы таза аймақтар тізіміне Көкшетау, Қызылорда және 2024 жылдың екінші тоқсанында Талдықорған енді. Бұл биылғы жылдың қазан айындағы көрсеткіш."Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 ірі қаланың 11-інде қазан айында атмосфералық ауаның ластануы жоғары болды. Биыл қазан айында ластанудың жоғары деңгейі Өскемен, Түркістан және Павлодарда, ал өте жоғары деңгейі Алматы, Астана және Қарағандыда тіркелді.Қазақстан Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экология салдарынан сырқаттанатындар Алматы, Шығыс Қазақстан "Семей ядролық полигонының экологиялық апат аймағы", Арал өңірінің экологиялық апат аймағында көп тіркеледі.Сондай-ақ Қарағанды облысы қоршаған ортаны ең ірі ластаушы — Балқаш тау-кен металлургия комбинаты мен "Испат-Кармет" компаниясы еліміздегі барлық ластану көлемінің үштен бірін құрайды.Былтыр Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші республикадан жоғары болған. Ал Алматы қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатерлі ісікпен сырқаттану республика бойынша жоғары болған. Онкологиялық аурулардың ең төмен деңгейі Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.Айта кетері, Iqair халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, желтоқсан айының басында Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілген. Ол экологиялық қолайсыз ірі қалалардың ондығында бесінші орынға ие болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/889/07/8890755_348:0:2151:1352_1920x0_80_0_0_430bd5560ff3ab2696c28e51c50d5f73.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология
Қазақстандағы 19 ірі қаланың он бірі ластанған
Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілді
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында экологияның ластануы салдарынан онкологиялық аурулар ең көп тіркелді, деп хабарлады Finprom.kz.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, атмосфералық ауа ең нашар аймақ – Астана мен Қарағанды. Бұл қалалардағы ластану деңгейі өте жоғары. Ауасы аз ластанған, бірақ экологиялық жағынан қолайсыз – Алматы, Өскемен, Түркістан, Петропавл, Қостанай, Орал және Ақтөбе.
Ал ауасы таза аймақтар тізіміне Көкшетау, Қызылорда және 2024 жылдың екінші тоқсанында Талдықорған енді. Бұл биылғы жылдың қазан айындағы көрсеткіш.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 ірі қаланың 11-інде қазан айында атмосфералық ауаның ластануы жоғары болды. Биыл қазан айында ластанудың жоғары деңгейі Өскемен, Түркістан және Павлодарда, ал өте жоғары деңгейі Алматы, Астана және Қарағандыда тіркелді.
Қазақстан Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экология салдарынан сырқаттанатындар Алматы, Шығыс Қазақстан "Семей ядролық полигонының экологиялық апат аймағы", Арал өңірінің экологиялық апат аймағында көп тіркеледі.
Сондай-ақ Қарағанды облысы қоршаған ортаны ең ірі ластаушы — Балқаш тау-кен металлургия комбинаты мен "Испат-Кармет" компаниясы еліміздегі барлық ластану көлемінің үштен бірін құрайды.
Былтыр Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші республикадан жоғары болған. Ал Алматы қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатерлі ісікпен сырқаттану республика бойынша жоғары болған. Онкологиялық аурулардың ең төмен деңгейі Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.
Айта кетері, Iqair халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, желтоқсан айының басында Алматы ресми түрде әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың онлайн рейтингіне енгізілген. Ол экологиялық қолайсыз ірі қалалардың ондығында бесінші орынға ие болды.