Қазақстан электронды қатысу индексі бойынша үздік 30 елдің қатарына енді

© Sputnik / Владислав ВодневБанковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото
Банковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
Рейтингтегі үздік үштікке Украина, Жапония және Дания енді
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан 2024 жылы электронды қатысу (E-Participation Index, EPI) индексі бойынша 27-орынды иеленді, деп хабарлады Ranking.kz.
БҰҰ дерегі бойынша еліміз рейтингке қатысатын 293 елдің арасында тұрақты түрде үздік 30-дықтан көрініп жүр. Айта кетері, биыл Армения да 27-орынға тұрақтаған.
Салыстыру үшін айтсақ, ТМД-ның қалған елдері ішінде Молдова небәрі 49-шы, Өзбекстан 53-ші, Ресей 66-шы, Әзербайжан мен Беларусь 88-ші, Қырғызстан 94-ші, Тәжікстан 141-ші орынға жайғасты, ал Түрікменстан 189-шы орынды қанағат тұтты.
Рейтингте Украина көш бастап тұр. Сонымен қатар Жапония мен Дания үздік үштікке енді.
Электронды қатысу индексінің құрылымы:
электронды ақпарат – азаматтарды ашық ақпаратпен қамту және ақпаратты сұраусыз немесе сұрау салған жағдайда ыңғайлы жолмен ұсыну;
электронды консультация — азаматтарды талқылауға және мемлекеттік саясат пен қызметтерге қатысуға тарту;
электронды шешім қабылдау — саясат түрлерін бірлесіп әзірлеу және қызмет компоненттері мен оларды ұсыну әдістерін бірлесіп шығару арқылы азаматтардың құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту.
Жалпы алғанда, цифрландыру Қазақстанда азаматтарды, кәсіпкерлерді барынша тартуға белсенді түрде қолданылуда. "Монополист" деректер базасы арқылы тарифтер мен бағаларды реттеу процесін автоматтандыру бұған жақсы мысал бола алады.
Не туралы айтып отырғанымызды естеріңізге сала кетейік: 2018 жылы тарифті және бағаны реттеу аясында ақпарат берумен байланысты бизнес шығындарын азайту үшін автоматтандырылған жүйе – "Монополия" деректер базасы енгізілді.
Жаңалықтар
0