Қарағандыда шетелдіктер мінген автобус 30 градус аязда жолда қалды

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
Полиция қызметкерлері 53 жолаушыны ауыл мешітіне орналастырды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағандылық полицейлер жолда қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
30 градустық аязға төтеп бере алмаған қоғамдық көлік Сарышаған ауылына кіре берісте істен шыққан.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған көліктің иесіне қол ұшын беріп, ішіндегі 53 жолаушыны елді мекеннің мешітіне орналастырды. Ал көмекке келген екінші экипаж қоғамдық көлікті жөндеуге көмектесуде.
Полицейлер көлік жүргізушілерден алыс жолға шығарда көлік құралдарының жолға жарамдылығына көз жеткізіп, техникалық ахау болған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес берді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Ақтөбе облысында жолда тұрып қалған көліктердің тізбегі 60 шақырымға дейін созылды
Жаңалықтар
0