https://sputnik.kz/20241211/prezidentke-zhasandy-intellekt-salasyndagy-otandyq-onimder-tanystyryldy-49219565.html
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев AIemai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған... 11.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-11T18:36+0500
2024-12-11T18:36+0500
2024-12-11T18:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0b/49219402_0:42:800:492_1920x0_80_0_0_e058dd0b77328a74aa5e00bfdb2669b3.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев AIemai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.Президентке Nur Alem сферасында орналасатын AIemai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Орталық жанынан Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады. Мұнда жыл сайын мыңнан астам оқушыға бағдарламалау машықтарын, роботты техниканы және басқа да креативті технологияларды үйрету, сондай-ақ жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр. AIemai халықаралық орталығы стартаптар акселерациясы және зерттеу жобаларын қолдауға арналған кампус ретінде қызмет көрсетеді. Президентке инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысып жатқан, келешегі зор отандық стартап жобалар мен компаниялар туралы ақпарат берілді. Олардың арасында тұтынушылармен байланысқа арналған дыбысты роботтарды әзірлеуге және енгізуге маманданған Cybernetai, иммунды терапия және диагностика салаларындағы күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосуға ниетті ArlanBiotech компаниялары бар. Ал перспективасы зор тағы бір стартап – Higgsfield AI ғалымдар мен инженерлерге күрделі компьютерлік модельдерді үйретуге көмектесетін озық жүйені ойлап тапты.
https://sputnik.kz/20240719/zhasandy-intellekt-salasynda-mamandar-dayarlauga100-stipendiya-bolinedi-45769699.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0b/49219402_45:0:756:533_1920x0_80_0_0_052d5ebea1386be65fd26051fe0b4bcd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев AIemai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Президентке Nur Alem сферасында орналасатын AIemai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Орталық жанынан Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады.
Мұнда жыл сайын мыңнан астам оқушыға бағдарламалау машықтарын, роботты техниканы және басқа да креативті технологияларды үйрету, сондай-ақ жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр. AIemai халықаралық орталығы стартаптар акселерациясы және зерттеу жобаларын қолдауға арналған кампус ретінде қызмет көрсетеді.
Президентке инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысып жатқан, келешегі зор отандық стартап жобалар мен компаниялар туралы ақпарат берілді. Олардың арасында тұтынушылармен байланысқа арналған дыбысты роботтарды әзірлеуге және енгізуге маманданған Cybernetai, иммунды терапия және диагностика салаларындағы күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосуға ниетті ArlanBiotech компаниялары бар. Ал перспективасы зор тағы бір стартап – Higgsfield AI ғалымдар мен инженерлерге күрделі компьютерлік модельдерді үйретуге көмектесетін озық жүйені ойлап тапты.