https://sputnik.kz/20241211/astanada-kommunaldyq-qyzmetkerlerdin-suretteri-sholu-dongeleginde-zhariyalandy-49221923.html
Астанада коммуналдық қызметкерлердің суреттері шолу дөңгелегінде жарияланды
Астанада коммуналдық қызметкерлердің суреттері шолу дөңгелегінде жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Астанада шолу дөңгелегінде "Еңбегіңізге мың алғыс!" жазуымен коммуналдық қызмет мамандарының фотосуреттері жарияланды, деп... 11.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-11T22:41+0500
2024-12-11T22:41+0500
2024-12-11T22:41+0500
астана
коммуналдық қызмет
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0b/49221110_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_76134b4458a03f6b58b3fa7ed1aa9fc4.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Астанада шолу дөңгелегінде "Еңбегіңізге мың алғыс!" жазуымен коммуналдық қызмет мамандарының фотосуреттері жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.65 метрлік аттракционда жарияланған суреттер қаланың әртүрлі тұсынан көрінеді және астаналықтар мен туристердің назарын еріксіз аударады. Бұл бастама елордамыздың тазалығы мен абаттандырылуы жолында еңбек ететін мамандардың маңызды рөлін еске салады."Біздің жұмысымыз көбіне байқала бермейді, ал мұндай жазу үлкен мотивация береді", – дейді коммуналдық қызмет мамандарының бірі.Елорданың басты туристік нысандарының біріне алғыс сөздер мен фотосуреттерді орналастыру экологиялық акцияның маңыздылығының символына айналды. Биыл бастау алған "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы қаланың тазалығын сақтау үшін еріктілер мен белсенді азаматтардың басын қосады.Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бұл аттракционда "Таза Қазақстан" цифрлық жазуы да жарияланған.Биіктігі 65 метрлік шолу дөңгелегі 53 мың пиксельмен жабдықталған, бұл оған әртүрлі визуалды элементтерді жариялауға мүмкіндік береді. Ол елорданың Нұра ауданында орналасқан.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0b/49221110_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_81e81867db5cd368771418eef8f78963.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, коммуналдық қызмет
астана, коммуналдық қызмет
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Астанада шолу дөңгелегінде "Еңбегіңізге мың алғыс!" жазуымен коммуналдық қызмет мамандарының фотосуреттері жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
65 метрлік аттракционда жарияланған суреттер қаланың әртүрлі тұсынан көрінеді және астаналықтар мен туристердің назарын еріксіз аударады. Бұл бастама елордамыздың тазалығы мен абаттандырылуы жолында еңбек ететін мамандардың маңызды рөлін еске салады.
"Біздің жұмысымыз көбіне байқала бермейді, ал мұндай жазу үлкен мотивация береді", – дейді коммуналдық қызмет мамандарының бірі.
Елорданың басты туристік нысандарының біріне алғыс сөздер мен фотосуреттерді орналастыру экологиялық акцияның маңыздылығының символына айналды. Биыл бастау алған "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы қаланың тазалығын сақтау үшін еріктілер мен белсенді азаматтардың басын қосады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бұл аттракционда "Таза Қазақстан" цифрлық жазуы да жарияланған.
Биіктігі 65 метрлік шолу дөңгелегі 53 мың пиксельмен жабдықталған, бұл оған әртүрлі визуалды элементтерді жариялауға мүмкіндік береді. Ол елорданың Нұра ауданында орналасқан.