ТМД және ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері кездеседі

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги стран СНГ на заседании Совета министров иностранных дел в Астане
Флаги стран СНГ на заседании Совета министров иностранных дел в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
Кездесулер 12-13 желтоқсанда өтеді
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде ТМД және ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері кездеседі.
12-13 желтоқсанда олар өзекті мәселелерді талқылайды. ТМД премьер-министрлерінің отырысына Ресей төрағалық етеді. Күн тәртібінде Достастық кеңістігіндегі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бар.
"Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы барысында еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету мәселелері қарастырылады. Энергетика, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, электронды сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді", - деп хабарлады Ресей үкіметі.
Іс-шара аясында үкімет басшыларының бөлек кездесулері де өтеді.
Жаңалықтар
0