Қарағанды тұрғындары ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

© Photo : ДП СКОАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
Полиция тәркілеген есірткінің 7,6 келі гашиш екені белгілі болды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 41 және 53 жастағы қала тұрғындары ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Сараптама қорытындысына сәйкес айналымнан алынған есірткінің 7,6 келі гашиш екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, жыл басынан бері Қарағанды облысы аумағында 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.
Полиция есірткі сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
Жаңалықтар
0