Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша Украинаға НАТО әскерін кіргізу туралы мәлімдемелерге түсініктеме берді

© REUTERS / David W Cerny Показывающие полдень часы на ратуше на фоне пустой Староместской площади в Праге в период пандемии коронавируса
Показывающие полдень часы на ратуше на фоне пустой Староместской площади в Праге в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Польшаның ұлттық қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш RadioZET радиостанциясының эфирінде НАТО әскерінің Украина аумағына ықтимал кіргізілуі туралы мәлімдемелерді арандатушылық деп атады, деп хабарлады РИА Новости.
“Мұның бәрі арандатушылық. Бұл сөз осы жағдайды нақты сипаттайды”, - деді Косиняк-Камыш.
Мәскеу бұған дейін Украинада шетелдік әскери контингенттердің пайда болуы өте ауыр салдарларға алып келеді деп мәлімдеген.
Косиняк-Камыш ақпан айында Украинаға НАТО әскерін жіберу бастамасын Франция президенті Эммануэль Макрон көтергенін еске салды.
“Мен екі-үш апта бұрын Францияның қорғаныс министрімен кездескенімде, ол бұл тақырыпты қозғамады”, - деді министр.
Сондай-ақ ол мұндай тақырыптың АҚШ-тағы президент сайлауынын кейін БАҚ басылымдарында анда-санда пайда болатынын айтты.
“Бұл тақырып басылымдарда пайда болды. Дональд Трамптың жеңісінен кейін кейбір газеттер оның Украинаға қатысты бітімгершілік жоспарын жариялағандықтан осындай мақалалар пайда болды. Өйткені ол жоспарда еуропалық елдерден келген әскерлердің болуы айтылды. Бұл жоспарды әлі ешкім растаған жоқ. Сондықтан мен кез келген жоспарға түсініктеме беруде сақтық танытуды өтінемін”, - деді Косиняк-Камыш.
Ол НАТО Украина аумағын жауапкершілік аймақтарына бөлу немесе Украина аумағында ресейлік зымырандарды жою сияқты әрекеттерді қарастырмайтынын түсіндірді.
“БАҚ жазған Ирактағыдай жауапкершіліктің бөлек аймақтары болады деген нұсқа қарастырылмайды. Мұндай ештеңе қарастырылмайды”, - деді министр.
Большой Кремлевский дворец - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мәскеу Украина бойынша келіссөздер үшін ашық - Ресей СІМ
Жаңалықтар
0