Халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы Антикор қызметкері ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Д. Қожабаевқа қатысты қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұстап, тергеу изоляторына қамады. Тергеу жалғасып жатыр.
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Антикор тасымалдаушы компанияларға аудит жүргізуді ұсынды
Жаңалықтар
0