https://sputnik.kz/20241210/bektenov-baspana-kezegine-qatysty-tapsyrma-berdi-49169289.html
Бектенов баспана кезегіне қатысты тапсырма берді
Бектенов баспана кезегіне қатысты тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Оның пікірінше баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек 10.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-10T13:48+0500
2024-12-10T13:48+0500
2024-12-10T13:48+0500
олжас бектенов
баспана
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48816472_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7228aa420a8cffe9b4e2dd51b40be73a.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту мәселесіне назар аударды.Сонымен қатар, премьер-министрдің пікірінше, құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек."Кейінгі жылдары ереженің бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді", — деп түйіндеді үкімет басшысы.
https://sputnik.kz/20241210/otbasy-bank-kelesi-zhyldyn-basty-zhanalygyn-zhariyalady-49163597.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48816472_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d564bc42c53967b960f0129a9299439d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, баспана
Бектенов баспана кезегіне қатысты тапсырма берді
Оның пікірінше баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту мәселесіне назар аударды.
"Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған едім. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, премьер-министрдің пікірінше, құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек.
"Кейінгі жылдары ереженің бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді", — деп түйіндеді үкімет басшысы.