https://sputnik.kz/20241210/almatyda-11-balasy-tumay-zhatyp-shetinep-ketken-ayel-ana-boldy-49177484.html
Алматыда 11 баласы тумай жатып шетінеп кеткен әйел ана болды
Алматыда 11 баласы тумай жатып шетінеп кеткен әйел ана болды
Sputnik Қазақстан
Осы жылдар ішінде күйеуі әйелдің қасында болған. Ол оны барлық талпынысын қолдап, онымен бірге емделген 10.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-10T14:00+0500
2024-12-10T14:00+0500
2024-12-10T14:00+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 11 баласы жатырда жатып шетінеп кеткен әйел ана болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.44 жастағы әйел Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 15-ші аптасында жеткізілген.Ведомствоның мәліметінше ол бұған дейін 11 рет жүкті болып, барлық бала жатырда шетінеп кеткен. Екі экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) да сәтсіз аяқталды. Бұл оның соңғы мүмкіндігі болған.Жүктілік кезінде әйел орталық дәрігерлерінің бақылауында жеті рет болды. Мамандардың күш-жігерінің арқасында жүктілікті 34-ші аптаға дейін жеткізуге мүмкіндік болды. Осы уақыт ішінде пациент негізгі диагнозға қарсы ем алды, сонымен қатар 180 мм сынап бағанасына жеткен жоғары қысымды бақылауға бағытталған терапия алды. Сонымен қата, әйелде ауыр преэклампсия болды."34-ші аптада біз босандырдық, көптен күткен 2700 грамм бала дүниеге келді. Қазір біз ананы баламен бірге үйіне шығардық, ана мен баланың жағдайы жақсы", - деп атап өтті Светлана Рахимова.Айта кетері, осы жылдар ішінде күйеуі әйелдің қасында болған. Ол оны барлық талпынысын қолдап, онымен бірге емделген.Әйел көптен күткен сәбиді құтқарып қалғаны үшін дәрігерлерге алғысын білдірді."Мен ешқашан үмітімді үзген емеспін және № 2 қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің арқасында ана болдым. Олар мені әр кезеңде қолдады, мені және баламды құтқарды", - дейді ол.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда 11 баласы тумай жатып шетінеп кеткен әйел ана болды
Осы жылдар ішінде күйеуі әйелдің қасында болған. Ол оны барлық талпынысын қолдап, онымен бірге емделген
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 11 баласы жатырда жатып шетінеп кеткен әйел ана болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
44 жастағы әйел Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 15-ші аптасында жеткізілген.
Ведомствоның мәліметінше ол бұған дейін 11 рет жүкті болып, барлық бала жатырда шетінеп кеткен. Екі экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) да сәтсіз аяқталды. Бұл оның соңғы мүмкіндігі болған.
"Біз консилиум өткізіп, науқасты гематологқа жібердік. Ол бұрын диагноз қойылмаған антифосфолипидтік синдромды анықтады. Ол жүктіліктің үзілуіне себеп болды. Біз асқынулардың алдын алуға көмектесетін емдеуді бастадық", - деді № 2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова.
Жүктілік кезінде әйел орталық дәрігерлерінің бақылауында жеті рет болды. Мамандардың күш-жігерінің арқасында жүктілікті 34-ші аптаға дейін жеткізуге мүмкіндік болды. Осы уақыт ішінде пациент негізгі диагнозға қарсы ем алды, сонымен қатар 180 мм сынап бағанасына жеткен жоғары қысымды бақылауға бағытталған терапия алды. Сонымен қата, әйелде ауыр преэклампсия болды.
"34-ші аптада біз босандырдық, көптен күткен 2700 грамм бала дүниеге келді. Қазір біз ананы баламен бірге үйіне шығардық, ана мен баланың жағдайы жақсы", - деп атап өтті Светлана Рахимова.
Айта кетері, осы жылдар ішінде күйеуі әйелдің қасында болған. Ол оны барлық талпынысын қолдап, онымен бірге емделген.
Әйел көптен күткен сәбиді құтқарып қалғаны үшін дәрігерлерге алғысын білдірді.
"Мен ешқашан үмітімді үзген емеспін және № 2 қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің арқасында ана болдым. Олар мені әр кезеңде қолдады, мені және баламды құтқарды", - дейді ол.