https://sputnik.kz/20241209/zan-buzushylyqtarga-zhol-bergen-qazsushar-filialynyn-basshysy-zhumystan-quyldy-49134741.html
Заңбұзушылықтарға жол берген: Қазсушар филиалының басшысы жұмыстан қуылды
Заңбұзушылықтарға жол берген: Қазсушар филиалының басшысы жұмыстан қуылды
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды 09.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-09T14:31+0500
2024-12-09T14:31+0500
2024-12-09T15:32+0500
су
https://sputnik.kz/img/old/1158/62/11586299_0:0:1680:945_1920x0_80_0_0_972c2800a44993fd64854f058a6cabdb.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі ішкі аудиттің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ішкі аудит департаменті 9 айда 11 мекемеде аудиторлық тексеріс жүргізді. Негізгі мақсат – судың "көлеңкелі" нарығымен күрес және осы саладағы заңсыз әрекеттерді анықтау.Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс алды."Аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық заң бұзушылыққа қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданды. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді", - дейді ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1158/62/11586299_210:0:1470:945_1920x0_80_0_0_e883d4e8d91db0707525e74f8319ecac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
Заңбұзушылықтарға жол берген: Қазсушар филиалының басшысы жұмыстан қуылды
14:31 09.12.2024 (жаңартылды: 15:32 09.12.2024) Жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі ішкі аудиттің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ішкі аудит департаменті 9 айда 11 мекемеде аудиторлық тексеріс жүргізді. Негізгі мақсат – судың "көлеңкелі" нарығымен күрес және осы саладағы заңсыз әрекеттерді анықтау.
"Мәселен, "Қазсушардың" Жамбыл облысындағы филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі анықталды. Шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен "Аса" өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс алды.
"Аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық заң бұзушылыққа қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданды. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді", - дейді ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.