https://sputnik.kz/20241209/uqshu-kenesi-siriyadagy-zhagdaydy-turaqtandyratyn-sharalar-qabyldauga-shaqyrdy-49150166.html
ҰҚШҰ кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыратын шаралар қабылдауға шақырды
ҰҚШҰ кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыратын шаралар қабылдауға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды РИА... 09.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-09T16:01+0500
2024-12-09T16:01+0500
2024-12-09T16:01+0500
сирия
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/old/1157/46/11574652_0:110:3079:1842_1920x0_80_0_0_cc30e86092edabdefbb6188d91b64426.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.Таяу Шығыс тағы да үлкен аймақтық соғыстың алаңына айналды, бұл халықаралық қоғамдастықтан нақты шешімді талап етеді, деп атап өтті кеңес.Іс-шараға қатысушылар Палестина - Израиль қақтығысын да әділ және ұзақ мерзімді реттеуге қол жеткізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ палестиналықтардың 1967 жылы Шығыс Иерусалим астанасымен шекарада өзінің тәуелсіз мемлекетін құру құқығын жүзеге асыру туралы да айтты."Ливанға қатысты жағдайды қалыпқа келтірудің кілті - БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 1701 (2006) қарарының адал орындалуы. "Көгілдір сызық" аймағында тұрақтандырушы рөл атқаратын БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне толық қолдау білдіреміз", - делінген құжатта.Бұдан басқа, кеңес мүшелері қарсыластықтың одан әрі кеңеюіне жол бермеуге және Таяу Шығыста берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдады.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ ПА бірлескен отырысы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы парламенттік ассамблеясының XVII пленарлық отырысы өтуде.
https://sputnik.kz/20240905/siriyalyq-sarapshy-aqsh-tyn-zhana-sanktsiyasyna-qatysty-pikir-bildirdi-46819959.html
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1157/46/11574652_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_f227c5e76d546667ccf92080d522b4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия, ұқшұ
ҰҚШҰ кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыратын шаралар қабылдауға шақырды
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының кеңесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.
Таяу Шығыс тағы да үлкен аймақтық соғыстың алаңына айналды, бұл халықаралық қоғамдастықтан нақты шешімді талап етеді, деп атап өтті кеңес.
"Халықаралық қоғамдастық мүшелерін оқиғаны ушықтырмай тоқтатуға және белсенді дипломатиялық күш-жігер жұмсауға, Қауіпсіздік Кеңесі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған тиісті қарарлардың орындалуына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Іс-шараға қатысушылар Палестина - Израиль қақтығысын да әділ және ұзақ мерзімді реттеуге қол жеткізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ палестиналықтардың 1967 жылы Шығыс Иерусалим астанасымен шекарада өзінің тәуелсіз мемлекетін құру құқығын жүзеге асыру туралы да айтты.
"Ливанға қатысты жағдайды қалыпқа келтірудің кілті - БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 1701 (2006) қарарының адал орындалуы. "Көгілдір сызық" аймағында тұрақтандырушы рөл атқаратын БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне толық қолдау білдіреміз", - делінген құжатта.
Бұдан басқа, кеңес мүшелері қарсыластықтың одан әрі кеңеюіне жол бермеуге және Таяу Шығыста берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ ПА бірлескен отырысы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы парламенттік ассамблеясының XVII пленарлық отырысы өтуде.