Тоқаев Головкинді қабылдады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял президента Национального олимпийского комитета Геннадия Головкина
Касым-Жомарт Токаев принял президента Национального олимпийского комитета Геннадия Головкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке Ұлттық олимпиада комитетінің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комиететінің алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Головкин Халықаралық бокс федерациясының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды
Жаңалықтар
0