https://sputnik.kz/20241209/qazaqstandyqtar-20-mlrd-tengeni-qarzhy-piramidalaryna-salyp-zhibergen-49140453.html
Қазақстандықтар 20 млрд теңгені қаржы пирамидаларына салып жіберген
Қазақстандықтар 20 млрд теңгені қаржы пирамидаларына салып жіберген
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды 09.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-09T13:00+0500
2024-12-09T13:00+0500
2024-12-09T13:04+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері қаржы пирмидалары келтірген шығынның көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Биыл қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергелді. Алданған қазақстандықтар барлығы 20 млрд теңгеден айырылған.Қаржы пирамидаларына халықты көп жағдайда интернет арқылы тартады. Мәселен, биыл интернет кеңістігінде анықталған 47 қаржы пирамидасының әлеуметтік желілердегі 300-ге жуық чаты жабылды. Осы чаттарда шамамен 2 миллионға жуық адам отырған, барлығы ақша салып жүрген.Сондай-ақ әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасының белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:Айта кетері, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты бар .
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Қазақстандықтар 20 млрд теңгені қаржы пирамидаларына салып жіберген
13:00 09.12.2024 (жаңартылды: 13:04 09.12.2024) Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері қаржы пирмидалары келтірген шығынның көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергелді. Алданған қазақстандықтар барлығы 20 млрд теңгеден айырылған.
"Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді", - дейді агенттік мамандары.
Қаржы пирамидаларына халықты көп жағдайда интернет арқылы тартады. Мәселен, биыл интернет кеңістігінде анықталған 47 қаржы пирамидасының әлеуметтік желілердегі 300-ге жуық чаты жабылды. Осы чаттарда шамамен 2 миллионға жуық адам отырған, барлығы ақша салып жүрген.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасының белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
интернетте белсенді жарнама жасау;
компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.
Айта кетері, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!"
Telegram-боты бар .