Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында электронды кезек енгізіледі

© Photo : Официальный сайт правительства КыргызстанаПункт пропуска "Ак-Тилек автодорожный" в Иссык-Атинском районе Чуйской области
Пункт пропуска Ак-Тилек автодорожный в Иссык-Атинском районе Чуйской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Жазылу
Жүйе Жамбыл және Алматы облыстарында іске қосылады
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында электронды кезек енгізуді жоспарлап отыр.
Ведомство Автокөлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электронды кезек жүйесін пайдаланып мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидасына толықтырулар енгізу жобасын дайындады.
"Жобаны қабылдаудағы мақсат – Қырғыз Республикасымен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттеріндегі электронды кезек жүйесін кеңейту", - делінген хабарламада.
Жаңашылдық мына пункттерде енгізіледі:
Жамбыл облысындағы Айша-Бибі, Ауқатты, Қарасу, Қордай, Сартөбе, Сыпатай батыр;
Алматы облысындағы Кеген.
Қаржы министрлігінде атап өткендей, жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қарастырмайды, ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді. Сондай-ақ жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға және (немесе) ұлғайтуға әкеп соқпайды.
Жоба 2024 жылдың 23 желтоқсанына дейін талқыланады. Электронды кезектің тиімділігін Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті бірнеше рет айтқан болатын. Жыл ортасында комитет электронды кезекті қолдануды кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0