Астанада ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы өтті

© Photo : Посольство России в Казахстане "Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Жазылу
Жеңістің 80 жылдығына дайындыққа ерекше көңіл бөлінді
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы өтті.
© Photo : Посольство России в Казахстане "Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
VII Молодежный форум организаций российских соотечественников Память. Единство. БУДУЩЕЕ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
"Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
Қазақстандағы Ресей елшілігінің хабарлауынша, одақтастық қарым-қатынастарды, мәдени-гуманитарлық, экономикалық және білім беру байланыстарын нығайту мақсатында Ресей мен Қазақстанның этномәдени бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту іс-шараның басты тақырыбы болды.
Форумға қатысушылар алдағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған танымдық және еске алу шараларын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді.
© Photo : Посольство России в Казахстане "Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
VII Молодежный форум организаций российских соотечественников Память. Единство. БУДУЩЕЕ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
"Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
"Ресей мен Қазақстанның мәдениеттері мен халықтарын өзара байытуға ерекше үлес қосқан және орыс-қазақ достығын нығайту жолында жемісті қоғамдық іс-шаралар жүргізген отандастар "Россотрудничество" және Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды", - деп хабарлады елшілік.
© Photo : Посольство России в Казахстане "Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
VII Молодежный форум организаций российских соотечественников Память. Единство. БУДУЩЕЕ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
"Жады. Бірлік. БОЛАШАҚ" ресейлік отандастар ұйымдарының VII жастар форумы
Форум делегаттары генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты, "Русский дом" ұйымдастырған дәріс түріндегі бейнетаныстыруда өлке суретшілерінің шығармашылығымен танысты және М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Евгений Онегин" спектаклінің премьерасына қатысты.
Жаңалықтар
0