Syrian Air ұшағы Дамаск маңында радардан жоғалып кетті

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Астана уақытымен 7:00-де Дамаск аймағында радарға түскен Сирияның Syrian Air әуе компаниясының Ил-76 ұшағы Хомс қаласының маңында шамамен 40 минут ұшқаннан кейін жоғалып кетті. Flightradar24 сервисінің дерегіне сәйкес оның қайда екені әлі белгісіз.
Бұған дейін Рейтер агенттігі аты-жөні аталмаған Сирия армиясының жоғары лауазымды офицерлеріне сілтеме жасап, Сирия президенті Башар Асад елдегі әскери іс-қимылдарға байланысты ел астанасы Дамаскіден шығып, "белгісіз бағытқа" ұшып кеткенін хабарлады.
Flightradar24 мәліметінше сәйкес ұшақ теңіз деңгейінен 495 метр биіктікте Рам әл-Анз елді мекенінің үстінде радардан жоғалып кеткен. Порталдың хабарлауынша, борт мұндай үлгідегі ұшақтар ұша алмайтын өте төмен жылдамдықпен (сағатына шамамен 100 шақырым) қозғалған.
Ұшақ Астана уақытымен 7.40-тан бері радарға түскен жоқ. Оның қайда баратыны белгісіз, сондай-ақ бортта кім болғаны да белгісіз.
Бұған дейін Сириядағы мемлекеттік телеарнаны басып алған қарулы топ эфирде "елді өз бақылауымызға алдық" деген мәлімдеме жасады. Сирия премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Джалали өзінің және бірнеше министрдің Сирияда қалғанын, ел президенті мен қорғаныс министрінің қайда екенін білмейтінін айтты.
Жаңалықтар
0