https://sputnik.kz/20241208/qytaylar-ystyqqa-tozimdi-kartop-turin-osirip-shygardy-49125309.html
Қытайлар ыстыққа төзімді картоп түрін өсіріп шығарды
Қытайлар ыстыққа төзімді картоп түрін өсіріп шығарды
Sputnik Қазақстан
Биыл жаһандық жылыну салдарынан Қытайдың ауыл шаруашылық секторына айтарлықтай шығын келді. Әсіресе картоп өнім бермеген 08.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-08T20:45+0500
2024-12-08T20:45+0500
2024-12-08T20:45+0500
қытай
картоп
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043376_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5961a3d88d3b67ba95aed9cbc82735d9.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қытайлар климатқа төзімді картоп түрін өсіріп шығарды, деп хабарлады 24.kz.Бейжіңнің солтүстік-батысындағы зерттеу орталығында биолог Ли Цзепин және оның командасы картоптың ыстыққа төзімді сұрыптарын шығарумен айналысады. Бұл үшін ақ картоп гүлдерінен тозаң жинайды. Жақында мамандар картоптың жаңа түрін шығара алған. Айтуларынша бұл сұрыптың көлемі бейсбол добынан екі есе үлкен болады екен.Қытай әлемдегі ең ірі картоп өндіруші ел. Бірақ картоп қатты ыстыққа аса төзімді емес. Тіпті температураның бірнеше градусқа жоғарылауы өнімділікке айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан ғылыми топ оның жаңа түрлерін шығару үшін Хэбэй провинциясының солтүстігінде, Ішкі Моңғолия алқаптарында және биік таулы провинцияларда ағымдағы орташа температурадан 3°C жоғары камерада өсірген. Бірақ ғалымдар жауын-шашынның шамадан көп түсуі де дақылдың өнімділігіне кері әсер ететінін айтады."Биыл толассыз жаңбыр картоп өнімділігіне айтарлықтай залал келтірді. Бұл картоп түйнектерінің шіруіне әкелді. Сондай-ақ жауын-шашын егін жинау процесін едәуір кешеуілдетті. Бар жоғы 60-75% ғана егін жинап үлгердік", - дейді ауылшаруашылық саласын дамыу компаниясының бас директоры Хэбэй Цзюэнь Ван Шии.Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес, жаһандық жылыну салдарынан 2100 жылға қарай жер беті 3,1°С-қа дейін жылыну қаупі бар. Бірақ қытайлық шаруалар қолайсыз ауа райының салдарын қазірдің өзінде сезініп жатқанын айтады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043376_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_558bef4f862a42d4a920fd0a01f3d344.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, картоп
Қытайлар ыстыққа төзімді картоп түрін өсіріп шығарды
Биыл жаһандық жылыну салдарынан Қытайдың ауыл шаруашылық секторына айтарлықтай шығын келді. Әсіресе картоп өнім бермеген
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қытайлар климатқа төзімді картоп түрін өсіріп шығарды, деп хабарлады
24.kz. Бейжіңнің солтүстік-батысындағы зерттеу орталығында биолог Ли Цзепин және оның командасы картоптың ыстыққа төзімді сұрыптарын шығарумен айналысады. Бұл үшін ақ картоп гүлдерінен тозаң жинайды. Жақында мамандар картоптың жаңа түрін шығара алған. Айтуларынша бұл сұрыптың көлемі бейсбол добынан екі есе үлкен болады екен.
"Температурының тұрақсыздығы көп алаңдатады. Сондықтан оның ауытқуы орташа есеппен 3 градус болатындай параметрлерді қолдандық. Бұл өнімділікке айтарлықтай әсер етті. Өйткені ауа райының әдеттегіден қатты ысуы бұған дейінгі картоп сорттарының өнімділігін айтарлықтай төмендеткен еді. Салдарынан олардың өнімділігі төмендеп, жақсы шықпады", - деді биолог Ли Цзепин.
Қытай әлемдегі ең ірі картоп өндіруші ел. Бірақ картоп қатты ыстыққа аса төзімді емес. Тіпті температураның бірнеше градусқа жоғарылауы өнімділікке айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан ғылыми топ оның жаңа түрлерін шығару үшін Хэбэй провинциясының солтүстігінде, Ішкі Моңғолия алқаптарында және биік таулы провинцияларда ағымдағы орташа температурадан 3°C жоғары камерада өсірген. Бірақ ғалымдар жауын-шашынның шамадан көп түсуі де дақылдың өнімділігіне кері әсер ететінін айтады.
"Биыл толассыз жаңбыр картоп өнімділігіне айтарлықтай залал келтірді. Бұл картоп түйнектерінің шіруіне әкелді. Сондай-ақ жауын-шашын егін жинау процесін едәуір кешеуілдетті. Бар жоғы 60-75% ғана егін жинап үлгердік", - дейді ауылшаруашылық саласын дамыу компаниясының бас директоры Хэбэй Цзюэнь Ван Шии.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес, жаһандық жылыну салдарынан 2100 жылға қарай жер беті 3,1°С-қа дейін жылыну қаупі бар. Бірақ қытайлық шаруалар қолайсыз ауа райының салдарын қазірдің өзінде сезініп жатқанын айтады.