https://sputnik.kz/20241207/turkistan-oblysynda-30-ga-zhuyq-auyl-ishimdikten-bas-tartqan-49118765.html
Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан
Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан
Sputnik Қазақстан
"Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген 07.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-07T20:03+0500
2024-12-07T20:03+0500
2024-12-07T20:03+0500
ішімдік
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/08/16/14770275_0:0:3029:1705_1920x0_80_0_0_6b9745028715f2646d76e89e2bd833f7.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. "Ішімдіксіз ауыл" бастамасы Түркістан облысындағы 30-ға жуық елді мекенді қамтып, тату және қауіпсіз қоғамдастық құруға атсалысуда, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл жобаға Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан бес ауылдан, Келесте – төрт, Сайрамда – үш, Қазығұрт, Төлеби және Сауранда – екіден, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында бір ауылдан қосылып, ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.Мысалы, Сауран ауданындағы Нұртас ауылында 1835 адам тұрады. Ауылда бір мектеп, екі балабақша болса, жергілікті тұрғындарға үш дүкен қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары құрт пен май дайындап, мал өсіреді."Бабадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөзді ұстанған жергілікті тұрғындар ағаш егіп, сенбілікке шығып, бұл үлкен-кішінің игі дәстүріне айналған."Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны өседі деп үміттенеді. Тәртіп сақшылары қылмыссыз қоғам құру жұмыстарын жалғастыруда.
https://sputnik.kz/20240922/mangystauda-zhedel-zhardem-qyzmetkerlerine-shabuyl-zhasaldy-47274544.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/16/14770275_161:0:2890:2047_1920x0_80_0_0_8664378d98be59fe719ceef9546a11a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішімдік, полиция
Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан
"Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. "Ішімдіксіз ауыл" бастамасы Түркістан облысындағы 30-ға жуық елді мекенді қамтып, тату және қауіпсіз қоғамдастық құруға атсалысуда, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Бұл жобаға Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан бес ауылдан, Келесте – төрт, Сайрамда – үш, Қазығұрт, Төлеби және Сауранда – екіден, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында бір ауылдан қосылып, ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.
Мысалы, Сауран ауданындағы Нұртас ауылында 1835 адам тұрады. Ауылда бір мектеп, екі балабақша болса, жергілікті тұрғындарға үш дүкен қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары құрт пен май дайындап, мал өсіреді.
"Бабадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөзді ұстанған жергілікті тұрғындар ағаш егіп, сенбілікке шығып, бұл үлкен-кішінің игі дәстүріне айналған.
"Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны өседі деп үміттенеді. Тәртіп сақшылары қылмыссыз қоғам құру жұмыстарын жалғастыруда.