Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты

© Photo : АкордаТокаев стал почетным гостем на форуме
Токаев стал почетным гостем на форуме - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысын Қатардың премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәни қарсы алды.
Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл "Диалог, дипломатия және алуантүрлілік" (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.
Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барған болатын.
Касым-Жомарт Токаев принял владельцев Power International Holding Муатаза Аль-Хаята и Рамеза Аль-Хаята - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2024
Тоқаев Дохада Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың басшыларымен кездесті
Жаңалықтар
0