https://sputnik.kz/20241207/birikken-ulttar-uyymy-reformalaudy-qazhet-etedi--toqaev-49118991.html
Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді – Тоқаев
Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті БҰҰ-ның тиімді қызметінің маңызы мен орта державалардың уақыт өткен сайын артып келе жатқан рөлі туралы айтты 07.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-07T19:12+0500
2024-12-07T19:12+0500
2024-12-07T19:26+0500
форум
президент
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/07/49117086_0:101:1280:821_1920x0_80_0_0_6a825376800655deca52b2d0ed8672dd.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Newsmaker Interview форматындағы арнайы сессияға қатысып, модератор, СNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берді.Қазақстан президенті БҰҰ-ның тиімді қызметінің маңызы мен орта державалардың уақыт өткен сайын артып келе жатқан рөлі туралы айтты.Мемлекет басшысы әлемдік саудадағы қайшылықтарға қатысты көзқарасын жеткізді."Менің ойымша, сауда қақтығыстары, соның ішінде тариф қолдану шаралары – оңтайлы шешім емес. Бұл – тым күмәнді саясат. Қазақстан ДСҰ-ға мүше ел ретінде осы маңызды сауда-экономикалық ұйымның барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтайды. Біз кедергілер мен қақтығыстарды қолдамаймыз. Қазақстан әзірге ондай қиындықтарға тап бола қойған жоқ. Өйткені өңірдегі көршілерімізбен және басқа да мемлекеттермен сындарлы әрі өзара тиімді қарым-қатынас ұстанамыз. Сондықтан біздің аймақта осыған ұқсас келеңсіздіктер туындамайды деп ойлаймын. Бұл ретте барлық ірі державаларды мұндай қысым көрсету тетіктерін қолданбауға шақырамыз", – деді президент.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатына, Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ ел дамуындағы жастардың рөліне тоқталды.
https://sputnik.kz/20241207/qasym-zhomart-toqaev-katar-amirimen-kezdesti-49112174.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/07/49117086_48:0:1233:889_1920x0_80_0_0_ed6ad2a19b1753e61e49532d20efa37f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум, президент
Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді – Тоқаев
19:12 07.12.2024 (жаңартылды: 19:26 07.12.2024) Қазақстан президенті БҰҰ-ның тиімді қызметінің маңызы мен орта державалардың уақыт өткен сайын артып келе жатқан рөлі туралы айтты
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Newsmaker Interview форматындағы арнайы сессияға қатысып, модератор, СNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан президенті БҰҰ-ның тиімді қызметінің маңызы мен орта державалардың уақыт өткен сайын артып келе жатқан рөлі туралы айтты.
"БҰҰ әмбебап ұйым ретінде адамзат үшін өте қажет. Себебі оның баламасы жоқ. Өкінішке қарай, ірі державалар әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты толық сақтай алмай отыр. Ал бүгінгі ахуал көптеген елді, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді. Ірі державалар арасында ымыраластық болуы керек деп санаймыз. Олардың келісімге келе алмауы салдарынан Қауіпсіздік Кеңесі тығырыққа тірелді. Қазақстан сияқты орта державалар аймақтық деңгейде, сондай-ақ жаһандық кеңістікте бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуде өте маңызды рөл атқара алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы әлемдік саудадағы қайшылықтарға қатысты көзқарасын жеткізді.
"Менің ойымша, сауда қақтығыстары, соның ішінде тариф қолдану шаралары – оңтайлы шешім емес. Бұл – тым күмәнді саясат. Қазақстан ДСҰ-ға мүше ел ретінде осы маңызды сауда-экономикалық ұйымның барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтайды. Біз кедергілер мен қақтығыстарды қолдамаймыз. Қазақстан әзірге ондай қиындықтарға тап бола қойған жоқ. Өйткені өңірдегі көршілерімізбен және басқа да мемлекеттермен сындарлы әрі өзара тиімді қарым-қатынас ұстанамыз. Сондықтан біздің аймақта осыған ұқсас келеңсіздіктер туындамайды деп ойлаймын. Бұл ретте барлық ірі державаларды мұндай қысым көрсету тетіктерін қолданбауға шақырамыз", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатына, Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ ел дамуындағы жастардың рөліне тоқталды.