Астанада насыбай сатқан дүкен иелері жазаланды

© Photo : Астана қаласының әкімдігіНасыбай өндіретін жерасты цехы
Насыбай өндіретін жерасты цехы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Жазылу
Рейд барысында сатушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Астананың Нұра ауданында рейд кезінде дүкен иелері насыбай мен снюс сатқаны анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 25 мың теңгеге шамамен 40 қорап насыбай мен 20 қорап снюс тәркіледі. Дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 92 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.
"Заң бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады, соның ішінде ірі көлемдегі айыппұлдар қарастырылған. Вейп, насыбай және снюс сатудан бас тарту заң талабы ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік екенін кәсіпкерлердің есіне саламын.Нұра ауданында жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді", - деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.
Іс-шара барысында дүкен сатушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тексеріс Астананың барлық ауданында тұрақты негізде жүргізіледі.
Вейп - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2024
Вейп сатқан сауда орындары жазаланды
Жаңалықтар
0