https://sputnik.kz/20241205/zhylzhymaly-emkhanalar-shalgay-auyldardagy-13-mln-adamga-meditsinalyq-komek-korsetti-49033397.html
Жылжымалы емханалар шалғай ауылдардағы 1,3 млн адамға медициналық көмек көрсетті
Жылжымалы емханалар шалғай ауылдардағы 1,3 млн адамға медициналық көмек көрсетті
Sputnik Қазақстан
Тексеру және зерттеп-қарау барысында 95 мың пациенттің әртүрлі ауруларға шалдыққаны анықталды 05.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-05T08:00+0500
2024-12-05T08:00+0500
2024-12-05T08:00+0500
медицина
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/04/49033620_0:70:1031:650_1920x0_80_0_0_0dfa76d93ea46ddc9ce1b427c9c9647f.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жылжымалы медициналық кешен мамандары 3072 елді мекенде тұратын 1,3 млн адамға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Жылжымалы кешендер арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілді, бейінді мамандар 1,3 млн рет консультация берді.Көбіне қан айналым жүйесі мен көру қабілетінің бұзылуы, қант диабеті диагнозы қойылды.Акушер-гинеколог, стоматолог сияқты бейінді дәрігерлер консультациялық қабылдау өткізді. Ультрадыбыстық, ЭКГ, ЭхоКГ аппараттарының көмегімен скринингтік, зертханалық, рентгенологиялық және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.Жылжымалы медициналық кешендер үйге жақын жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қарт адамдар мен балалы отбасылар үшін өте маңызды.
https://sputnik.kz/20240723/ministr-auylga-qazhetti-meditsina-mamandarynyn-sanyn-zhariyalady-45827536.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/04/49033620_36:0:996:720_1920x0_80_0_0_9580e402217595df8003c67da27cb4f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, ауыл
Жылжымалы емханалар шалғай ауылдардағы 1,3 млн адамға медициналық көмек көрсетті
Тексеру және зерттеп-қарау барысында 95 мың пациенттің әртүрлі ауруларға шалдыққаны анықталды
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жылжымалы медициналық кешен мамандары 3072 елді мекенде тұратын 1,3 млн адамға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Жылжымалы кешендер арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілді, бейінді мамандар 1,3 млн рет консультация берді.
"Тексеру және зерттеп-қарау барысында 95 мың пациенттің әртүрлі ауруларға шалдыққаны анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Профилактикалық тексерудің қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны динамикалық бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Көбіне қан айналым жүйесі мен көру қабілетінің бұзылуы, қант диабеті диагнозы қойылды.
Акушер-гинеколог, стоматолог сияқты бейінді дәрігерлер консультациялық қабылдау өткізді. Ультрадыбыстық, ЭКГ, ЭхоКГ аппараттарының көмегімен скринингтік, зертханалық, рентгенологиялық және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Жылжымалы медициналық кешендер үйге жақын жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қарт адамдар мен балалы отбасылар үшін өте маңызды.