Жамбыл облысында қатерлі ісік жасанды интеллект арқылы анықтала бастайды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Жазылу
Бұл радиолог мамандар тапшылығы мәселесін шешеді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті анықтау жобасын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңындағы есептік кездесуде айтты.
Жамбыл облысында 7,4 млрд теңгеге 26 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. 2 қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
"Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қарашөкеев.
Нәтижесінде, оның айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға жетеді.
"2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардыңпроблемасын, радиолог мамандар тапшылығы мәселесін шешеді", - деп түйіндеді өңір басшысы.
Жаңалықтар
0