https://sputnik.kz/20241205/uzaq-oylandym-aqsh-tyn-qazaqstandagy-elshisi-malimdeme-zhasady-49050793.html
"Ұзақ ойландым": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі мәлімдеме жасады
"Ұзақ ойландым": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді 05.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-05T12:28+0500
2024-12-05T12:28+0500
2024-12-05T12:28+0500
ақш
елші
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26563917_0:89:768:521_1920x0_80_0_0_a841eee93cd4a7638660a906e0e7b048.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм зейнетке шығып, қызметінен кететінін мәлімдеді.Елші Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буған. Ол Америка Құрама Штаттарын Қазақстанда таныту мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.Елші Розенблюмнің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Ол Қазақстандағы миссия командасымен бірге тығыз жұмыс істеп, дипломатиялық байланыстарды нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға және екі елдің ортақ мүдделерін дамытуға үлес қосты."Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деп атап өтті елші Розенблюм.Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артты. Сонымен қатар ол Астана мен Алматыдағы командаларының баға жетпес еңбегін ерекше атап өтіп, олардың оның қызметі барысында миссияның мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек еткенін айтты.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26563917_0:17:768:593_1920x0_80_0_0_1877519f4add183cc3a367cfa8ce35ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, елші
"Ұзақ ойландым": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі мәлімдеме жасады
Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм зейнетке шығып, қызметінен кететінін мәлімдеді.
"АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 26 қараша күні Қазақстан үкіметіне өзінің 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кететінін және АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі 28 жылға жуық сәтті еңбек жолын тәмамдайтынын хабарлады", - деп жазылған елшіліктің хабарламасында.
Елші Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буған. Ол Америка Құрама Штаттарын Қазақстанда таныту мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
Елші Розенблюмнің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Ол Қазақстандағы миссия командасымен бірге тығыз жұмыс істеп, дипломатиялық байланыстарды нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға және екі елдің ортақ мүдделерін дамытуға үлес қосты.
"Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деп атап өтті елші Розенблюм.
Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артты. Сонымен қатар ол Астана мен Алматыдағы командаларының баға жетпес еңбегін ерекше атап өтіп, олардың оның қызметі барысында миссияның мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек еткенін айтты.