Қазақстанның әскери әуе күштері Airbus A-400M ұшағымен толықты - видео

© Sputnik/Ертай Сарбасов Ертай Сарбасов ВВС Казахстана получили новый военно-транспортный самолет А-400М
ВВС Казахстана получили новый военно-транспортный самолет А-400М - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматыға Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері үшін сатып алынған Airbus А-400М ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштердің авиаторлары мен іс-шара қонақтарын осы оқиғамен құттықтады.
Салтанатты митингке Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Airbus Military еуропалық концернінің өкілі Элена Парийя Мартин, ҚР Қарулы күштерінің ардагері запастағы полковник Владимир Платошин, әскери-көліктік эскадрильяның жеке құрамы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, азаматтық авиация академиясының студенттері және "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанның әскери әуе күштері Airbus A-400M ұшағымен толықты
В Казахстан из Испании прибыл новый военно-транспортный самолет A-400M  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Қазақстанның әскери әуе күштері Airbus A-400M ұшағымен толықты
Ұшақ экипажының командирі подполковник Асылбек Жұмабаев Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа Испаниядан тұрақты орналасу пунктіне аман-есен келгені туралы баяндады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.
"Заманауи, ұтқыр, жоғары технологиялық армия қашанда елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтудың кепілі болып қала береді. Бүгін мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында біз жеке құрамды, ауыр жүктерді, техниканы тасымалдауға, гуманитарлық операциялар шеңберіндегі тапсырмаларды орындауға арналған әскери-көліктік ұшақ алдық", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ, министр Airbus Military компаниясының өкілдеріне Испанияның Севилья қаласындағы авиациялық даярлық орталығында қазақстандық мамандарды оқытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
"Ұшу және инженерлік-техникалық құрам белгіленген мерзімде авиатехниканы басқару мен қызмет көрсетуге қажетті теориялық қайта даярлаудан өтті. Концерн өкілдері бізге осыған қатысты қажетті технологиялық ақпарат берді. Болашақта біздің мамандар оған өз бетінше қызмет көрсетіп, тиісті регламенттік іс-шараларды жүргізе алады", – деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық бүгінде еліміздің Әскери-әуе күштерінде сәтті пайдаланылып жүрген С-295 ұшақтарын сатып алған 2013 жылы жолға қойылған болатын.
Сондай-ақ, әуе кемесінің техникалық сипаттамаларын да атап өткен жөн. А-400М әскери-көліктік ұшағы 37000 кг жүкті тасымалдауға қабілетті. Максималды жылдамдығы сағатына 802 км. Ал ұшу биіктігі – 12200 м, практикалық қашықтығы – 7870 км.
архив  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы министрдің сынынан кейін қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0